Әдістемелік жұмыстар балабақшаның түпкі қазығы

Бала  еліміздің  тірегі, ұлтымыздың  жүрегі  деп  мақтана  да, марқая  да  айта аламыз. Сондықтанда  жаны  таза, көңілі  пәк  балалармен  жұмыс  жасау  біздер  үшін  зор  мақтаныш, үлкен  жауапкершілік  деп  білемін. Балабақшаның  гүлденуі  мен  түрленуі  тікелей  тәрбиешіге  содан  кейін  әдістемелік  жұмыстарға  байланысты екендігі  хақ. Әдістемелік  жұмыстарды  толыққанды  атқара  отырып, баламен  жұмыс  жасаудың  қыр-сырымен  таныса  отырып, өзімізге  үлкен  тәжірбие  ала  түсеміз. Десекте  балабақшадағы  әдістемелік  жұмысқа  жетекшілік  ететін  бірден-бір  ол-әдіскер  екенін  барлығымыз  білеміз. Әдіскер  басқару  қызметінің  негізгі  ерекшеліктерімен  заңдылықтарын  толыққанды  білмегендіктен  нәтежелі  жұмыс  атқара алмайды.

Сондықтан  әдіскердің  әдістемелік  жұмысынан  берілген  жұмыстарды  біздер  тәрбиешілер  толыққанды  атқаруға  барымызды  саламыз. Түрлі  іс-шаралар  атқара  отырып, күнделікті баламен  жұмыс жасау  арқылы күндерімізді  қызықты  әрі , көңілді  өткіземіз. «Бала  тілі  бал»демекші, баланың  өсуі мен  дамуына  толыққанды  әсер  ететін  түрлі  апталықтар мен  кештерді  елеусіз  қалдырған  емеспіз.

    Мектепке  дейінгі тәрбиенің  бала  дамуына  қосар  үлесі зор  дей  отырып, балаға  деген  сүйіспеншіліктің  зор  болуы, мәдениетті, білімді, ұстанымы  берік  тәрбиеші  болуы   талап  етіледі. Әдістемелік  жұмыстарды  стандартты  бағытқа  ала  отырып, балалардың  жас  ерекшелігене  арнап  жасайтыны  хақ. Сондықтан  біздер  тәрбиешілер  өз  жұмысымызды  дұрыс  та  жүйелі  атқару  барысында  өз  жұмысымызды  дұрыс  атқарып, қызықты  сценарийлар  құрып, түрлі  баланың  дамуына  ықпалын  тигізетін  ойындарды  ойната  отырып, мағыналы  да, мазмұнды  тәрбие  сағаттарын  ұйымдастырып, қазіргі  заманға сай жаңашыл  жүйемен  өмір  дағдылықтарын  үйрете  түссек  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.

    Әлбетте  біздер тәрбиешілердің  атқаратын  жұмыстары  әдіскердің  баұылауымен  жүзеге  асады. Берілген  жұмыстардың  тақырыптары  баланың өмірімен  өмір  сүру  дағдысымен  қалыптасқандықтан  әрине  қызықты  тақырыптарды  қалыптастырады. Сол  тақырыптармен  жұмыс  істеу  біздер  тәрбиешілердің  басты  бағыты, атқаратын  жүйемен  қалыптаса  түседі. Әдәстемелік  жұмыстарды  тек  қана  тәрбие сағаттарымен  әр-түрлі  кештерді  қамтып  қана  қоймай, ата-аналар  жиналысын  да  қамти  біледі. Баламен  жұмыс  жасағандықтан  ата-анамен  тығыз  жылы  қарым-қатынаста  болуды  да  көздейді. Біздер  тәрбиешілер  баланың  жаңашыл  тәрбие  жұмысымен  ата-аналарды  да  таныстыра  білуіміз керек  деп  ойлаймын. Сол  себепті  әдістемелік  жұмыстардың  бірнешеуін  ата-аналардың  құзіретіне  арнаймыз. Ата-аналар  жиналысын  аша отырып, түрлі-түрлі  ойындармен  дидактикалық  сұрақтар  қою  арқылы  сондай-ақ, тренинг жиналыс  ретінде  де  түрлендіріп отырамыз. Міне, біздерге  яғни  тәрбиешілерге  көмекке  келетін  әдістемелік  жұмыстардың  жылдан-жылға  жаңарып, жаңғырып келе  жатқандығы  еліміздің ертеңінің нық, әрі жаңғыруынынң  белгісі  деп  білемін.

Бакыт Рыскулова,

МҚКҚ «Балдырған» балалар бақшасы.

тәрбиеші,

Ескелді ауданы, Жетісу ауылы