Облыс прокуроры Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесті

Жетісу облысының прокуроры Мадияр Бекенұлы Басшыбаев «Заң керуені» акциясы аясында Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудан прокуроры Қ.Шойбеков Ескелді ауданының прокуратурасының 2022 жылдың өткен кезеңіндегі қадағалау қызметінің, оның ішінде пайдаланбай жүрген жерлерді мемлекетке қайтару, жол құрылысының сапасын тексеру,  азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды жеткізді.

Облыс прокуроры бір іс-сапар аясында барлық әлеуметтік топтың пікірін тыңдап, аумақтағы жағдайды білді.

Азаматтардың сыны ауданға жеңілдетілген бағамен шаруа қожалықтардың пайдалануына жеткізілетін дизелді отынының, сондай-ақ егіс жұмыстарында қолданылатын гербецидтер мен тығайтқыштардың сапасыны да қатысты болды.

Тұрғындармен көтерілген сұрақтар бойынша түсіндірме беріліп, кездесуге қатысып отырған аудан әкімдігінің, полиция және басқа да органдары басшылығына тиісті тапсырмалар берілді.

Кездесу нәтижесінде облыс прокуроры осы тектес шаралардың жалғасатынын атап өтті.