Республика күні — тәуелсіздігіміздің айғағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 25-қазанды Республика күні ұлттық мереке ретінде бекітті. 13 жылдан кейін бұл мереке алғаш рет тойланды. Себебі, ерекше тарихи маңызы бар және мемлекетіміздің дамуына әсер еткен оқиғалар қатарына жатады.

Ұлттық мереке мемлекеттік мекемелерде ресми іс-шаралар өткізіліп, құттықтау сөздер айтылды.
2022 жылдың 22 қазанында Жетісу облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының оқытушысы Бекбосын Назгүл Жұмаханқызының ұйымдастыруымен А1-қарапайым деңгейінің тыңдаушылары және тіл жанашырларымен бірге «Гүлдене бер, Қазақстан!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде А1-қарапайым деңгейінің тыңдаушылары мен мерекелік шара қонақтары белсене қатысып, өзара пікір алмасты.
Аталған шараға филиалдың тіл үйренушілері, тіл жанашырлары, медицина қызметкерлері қатысты. Мерекелік сағатта кітап көрмесі жасалып, аудандық кітапхана ұжымының қатысуымен іс-шара өтті.
Сонымен қатар, аудан көлемінде де мерекелік шара аталып өтілді. Бірқатар аудан тұрғындары алғыс хаттармен марапатталып, мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Болашақта бұл мереке тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтып, гүлденуіне септігін тигізеді деген сенім бар. 13 жылдан соң оралған Республика күні баршамызға құтты болсын!

Ә.Жұматаева,
Н.Жұмаханқызы,
Жетісу облысының
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
Ескелді аудандық филиалының
меңгерушісі. филиал оқытушысы