“Желілік қоғамдастық — оқыту қоғамдастығында жүріп жататын ақпарат алмасу үдерісі мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысының мазмұнын арттырып, оған тартылған адамдарды өзара тығыз байланыстырып, олардың сырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмысына түр береді”
Энн Либерман
Бүгінгі күн талабы тек ізденіс үстінде болу керек екені анық. Осы тұрғы да жасап жатқан жұмысымыздың нәтижесін байқадым. Қазіргі таңдағы желілік қауымдастық жұмыстық жылдан жылға артып келетіні жаныма қуаныш сыйлайды. Күн өте мұғалімдер де тәжірбие алмасуға төселіп алды десем артық айтпас едім. Бір –бірімізбен тығыз байланыста болып, жағымды кері байланыс беріп, тәжірбие алмасу, тың идеялар ұсынып, бірлескен жұмыс жасау мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру таптырмас мүмкіндік деп ойламын. Біздің Жетісу орта мектебінде де осы үдеріс өз деңгейінде өтіп келеді. Атап айтсам: «Табыс Жетісу» серіктес мектептері арасындағы кәсіби желілік қауымдастығының жоспарлы семинарлар өтуде.
Атап айтсам «Pisa және Timss халықаралық зерттеулері бойынша дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері» тақырыбы семинарды айтып өтуге болады: Мақсаты: Серіктес мектептердің мұғалімдер арасында достық, кәсіби қарым-қатынас орнатуға, өз тәжірибелерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпалын ету. Міндеті: Серіктес мектептердің мұғалімдеріне «Pisa және Timss халықаралық зерттеулері бойынша дайындық жұмыстары мен зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері бойынша тәжірибелік қолдау көрсету.
Осы тұрғыда Жетісу орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аязбаева Б.Б «9-сыныптарда бағдарламасы бойынша логикалық тапсырмалар алып,ойлау қабілетін бақылып,бағалау.», бастауыш сынып мұғалімі Валиева А.А «Бастауыш сыныптың білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында жұмыстарымен бөлісті және Жалғызағаш орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Р.Ж.Шаяхметова «Биология пәнінен үштілділік оқыту тиімділігі» тақырыбында тәжірбиесімен бөлісіп, кәсіби қарым-қатынас орнатты.
Жұмыс барысында ой сергіту кезеңін де шет қалдырмай отырдық өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметкалиева Айжан Мұхтарқызы «Психологиялық тренинг» ұйымдастырды «Сіз қандай адамсыз» деп мұғалімдерге жақсы көңіл күй орнатты. Қорыта келе бір оқу жыл көлемінде айтарлықтай жұмыстардың жүргізілуі көңілге қуаныш ұялатады. Әр іс-шарадан кейін жағымды кері байланыс беріліп, бір-бірімізге қолдау көрсетіп отыруды әдетке айналдырдық. Қашықтықты да жеңе білдік десем артық айтпас едім. Дамыған заманның талабы бойынша бір –бірімізбен байланысқа түсу қиындық туындатпатынына да көзіміз жетті. Дәл осылай жұмыс қарқынды жүретін болса,біздің болашағымыз жарқын екеніне сенімдімін.
Баглан Мухаметжанова,
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің «Жетісу орта мектебі Екпінді,Жеңдік бастауыш мектептерімен» КММ
ғылыми әдістемелік
ісі жөнінің орынбасары