«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет

«Жетісу облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу орта мектебі Екпінді, Жеңдік мектептерімен» КММ 2022-2023 оқу жылында өткен  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында және «Балалар жылы» аясында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы әлеуметтік бағыттағы «Шекарасыз жақсылық» атты ұранымен өтті.

Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Мектептің барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.

Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған, жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары мен жеке кәсіпкерлер өз көмектерін көрсетті.

23 тамыз күні Жетісу орта мектебінің әкімшілігі мен сынып жетекшілермен Төлеңгіт округінің әкімі Шаихов Алмас Құдайбергенұлы мен Қамқоршылық кеңес төрағасы Түкебаев Бақыт Сүйінбайұлының қатысуымен әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың жағдайы туралы жиналыс өткізді.

«Мектепке жол» акциясына жауап ретінде мектебіміздің Қамқоршылық кеңес төрағасы Түкебаев Бақыт Сүйінбайұлы мен мектеп түлегі Ашимов Рахат 20 отбасының оқушыларына оқу құралдарын алып берді.

24 тамыз күні «Мектепке жол» акциясы аясында Жетісу ауылдық мешітінің имамы Әукен Теңлік 18 оқушыға мектеп формасын алып берсе, ал ауылдың жанашыр азаматтарынан құрылған «Жомарт бауырлар» қайырымдылық қорынан 25 оқушыға оқу құралдарын алып берді. Сондай-ақ, ТОО «Алматы Production Construction & Invest» Екпінді ауылын газбен қамтамасыз етіп жатқан компания басшысы Садырбай Қ. Қ. 2 оқушыға мекутеп формасын және 1 оқушымызға мектеп формасын алып беруге көмектескен Жеңдік ауылы «Қаратал» сауықтыру орталығының директоры Жексенов Ерен.

25 тамыз күні аз қамтылған және көп балалы отбасының 5 оқушысына мектеп формасы мен аяқ киім,мектеп сөмкесімен көмек көрсетілді.» Мектепке жол» қайырымдылық акциясына демеушілік еткен Жетісу ауылынын азаматтары Жұмабаев Ерлан, Исаев Есенгелді, Ескелді аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы. Жетісу ауылының көп балалы,толық емес,аз қамтылған 41 отбасының балаларына мектеп сөмкелері мен оқу құралдары сатып алынды.

Жетісу ауылы « Нұр» дүкенінің иесі Сейілбеков Н.Т. Жеке кәсіпкер Дүйсебаев Р.Е. Жеке шаруа қожалығы Жумагулов А.А. Жеке шаруа қожалығы Ашықбаев Б.С. Жеке шаруа қожалығы Қожахметов Қ.Р. Жеке кәсіпкер Кайпов Алмат Ескелді ауданы Жетісу энерго трейд бөлімінің басшысы Шарипов М.К. және Жетісу орта мектебінің 1987 жылы туылған 2004 ж түлектері Шарипова Д.К Шарипова Д.К.

1993 жылы туылған 2011 ж.мектеп түлектері.Меймашов Абылай, Агибаев Нұрым Мамырбаев Елдос, Айтбеков Мерей, Абилкасимов Абылай, Калықберген Олжас, Шаяхметов Шалқар.

27 тамыз күні Жетісу орта мектебінің 1984 жылы туылған түлектері толық емес отбасының 2 оқушысына спорттық киім мен оқу құралдарын және мектеп формасын алып беріп,жаңа оқу жылының дайындығына көмектерін көрсетіп, жомарттық танытты.Атап айтсақ:Абенов Айдын, Далабаев Азат

Дуйсеков Айдын, Рахымбаев Рустем, Мерей Куандык, Жунисбеков Улан, Бескекилова Салтанат, Бекежанова Ардак, Серикалии Дарига, Бектемирова Асем, Тайжанова Газиза, Кыдырманова Айжан, Нургалиева Сабира.

8 қыркүйек күні  Жетісу орта мектебінің аз қамтылған және көп балалы отбасының 2 оқушысына мектеп формасын, ал 30 оқушыға оқу құралдарын алып беріп, көмек көрсетілді.» Мектепке жол» қайырымдылық акциясына демеушілік еткен Қақабаев Сүйіндік, Зайтбеков Еділ, Қасабаев Асқар, Дәуренбеков Мейір, Саменов Тимур, Тұрсынбаев Саят, Қарабеков Жанат,Рахимбаев Ринат, Алимкулов Еркебұлан, Мәкежан мырза.

«Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда үлкен көмек көрсетіп, қол ұшын созған Жетісу ауылдық округінің әкімі Шаихов Алмас Құдайбергенұлы мен   Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Түкебаев Бақыт Сүйінбайұлы, Жетісу ауылы мешітінің имамы Әукен Теңлікке алғысымызды білдіреміз.

Қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытқан Жетісу ауылының тұрғындарына, мектеп түлектеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!!!

Қайырымдылық акция барысында тек материалдық көмек көрсетіліп қана қоймай, көпшілік жан жылуын сыйлауды да естен шығармады. Қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу әр ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті. Бұл акция тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көп септігін тигізеді деген ойдамыз.

Айжан Ахметқалиева,

Әлеуметтік педагог