Азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қанағаттануын арттыру бойынша қабылданатын шаралар

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.

Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Осы тұжырымдаманы іске асыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету мен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын жедел, тиімді және азаматтар сұрақтарының шешілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар қызмет алушылардың наразылық деңгейін төмендету мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен де (бұдан әрі — Департамент) бірнеше іс-шаралар өткізілуле.

Қазіргі таңда, Департаментпен «QYZMET LIVE» жобасы іске асырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – халықпен кедергісіз байланыс орнату, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру, мемлекет пен халық арасында сындарлы қоғамдық диалог орнату.

Бұл жоба қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтерден басқа да мәселелер бойынша қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған.

Сонымен қатар, аталған жоба халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іске асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың оң бағалануына ықпал етеді.

Бүгінгі күні әр апта сайын, облыстық басқарма басшылары, аудан/қала әкімі аппаратының басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшылары фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілері арқылы «QYZMET LIVE» жобасы шеңберінде «тікелей эфирге» шығуда.

Жалпы әлеуметтік желілерінде (фейсбук, инстаграм) 57564  жазылушыны қамти отырып, қызмет көрсетуші органдармен  57 тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфир барысында қызмет алушылардың 127 сұрағына тиісті жауаптар берілді.

Аталған жоба халық арасында оң пікір туғызып, қызмет алушылар арасында үлкен қолдау табуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ашықтық және есептілік қағидаттарын іске асыру, және халықпен кедергісіз байланыс орнату мақсатында өңірлік мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласының жай-күйі мен жағдайы туралы «Елге қызмет» арнайы телевизиялық бағдарламасының барлық қала мен облыс орталықтықтарында ашылуын тапсырған болатын.

Бүгінгі  күнде Жетісу облысы әкімдігі және «Жетісу» ТРК қолдауымен «Елге қызмет» бағдарламасы іске асырылды.

Сонымен қатар, Департаментпен халық арасында электрондық қызметтерді алуды насихаттау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 1 051 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды, оның 742-сі аудан орталықтарында және 125-і ауылдарда орналасқан, бүгінгі күні бұрыштар арқылы 11 450 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жыл басынан бері 9 Қоғамдық кеңес отырысы өткізіліп, 18 хаттамалық тапсырмалар әзірленіп, толықтай орындалды.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін реттеуге бағалау  жүргізу кезінде құқықтың қайшылықтарына, құқықтық олқылықтарға, бизнес-процестердің тиісінше реттелмеуіне, әкімшілік кедергілерге және артық талаптарға, сәйкессіздікке және лингвистикалық белгісіздікке назар аудара отырып, ақпараттық жүйелердің мониторингіне жүргізіп, оларды жетілдіру, ықпалдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті және композиттік форматқа көшіру жетілдіру бойынша Департаментпен 5 ұсыныс жолданды.

Жалпы, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанда Департаментпен және аудандар/қалалар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімдерімен 385 түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды (семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің акциялары және т.б.) жалпы саны 126 945 адамды құрайды, 6 мыңнан  брошюра таратылды, оның ішінде қызмет алушылардың құқықтары бойынша – 2800, электрондық қызметтерді танымал ету, цифрлық агентті танымал ету бойынша – 3 400, теледидарда 2-ге жуық репортаж, мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 4 ролик түсірілді, БАҚ-та 30 жарияланым шығарылды.

Департамент Агенттіктің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарының» 3.1 тармағына сәйкес 2022 жылдың 16 қазан, 21 қазан аралықтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған «Ең алдымен адамдар» арнайы бағдарламалары бойынша оқытулар ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында ХҚКО-да 25 Қоғамдық қабылдау жүргізілді.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін 2018 жылдан бастап 13 сервистік әкімдік ашылды, оның ішінде 3 сервистік әкімдік ауылдық елді мекендерде құрылды (Қаратал ауданы Бастөбе ауылында, Сарқан ауданы Черкаск ауылында, Алакөл ауданы Қабанбай ауылында).

2022 жылдың ІІІ тоқсанында «сервистік әкімдіктер» арқылы 18 300 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мелекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және көрсетілетін қызметті алушылар үшін жағдайлар жасау мақсатында облыстың аудандарында және қалаларында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес және қоғамдық бірлестік мүшелерінен талдау топтартары  құрылып, қазіргі таңда жұмыс жіргізілуде.

Жалпы, ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанда Департаментпен және аудандар/қалалар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімдерімен 385 түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды (семинарлар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің акциялары және т.б.) жалпы саны 126 945 адамды құрайды, 6 мыңнан  брошюра таратылды, оның ішінде қызмет алушылардың құқықтары бойынша – 2800, электрондық қызметтерді танымал ету, цифрлық агентті танымал ету бойынша – 3 400, теледидарда 2-ге жуық репортаж, мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша 4 ролик түсірілді, БАҚ-та 30 жарияланым шығарылды.

Алдағы уақытта Департаментпен Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтердің  сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілетін болады.

Ш. Абдраимова,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Жетісу облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас- маманы