Ескелді ауданының киелі жерлері. Қапал батыр кесенесі (1513-1606).

Шежіре бойынша ұлы жүз Дулаттың Жанысынан Жанту, Жантан, Жарылқамыс, Бөгежіл, Қапал, Шегір, Оймауыт атты жеті ұл туады. Әкесі Жаныс бабамыз 1452 ж. туылған деген мәліметке қарағанда Қапал батыр ХІ ғасырдың аяғы мен ХҮІ ғасырдың басында өмір сүрген. Бұл Қасым, Хақназар, Шығай, Тәуекел және Есім хандарының билік құрған тұстары. Ш.Уәлихановтың еңбектеріне қарағанда Есім хан мен Қапал батыр бір-бірін жас шақтарынан білетінін аңғарамыз. Тауекел хан қайтыс болғаннан соң, оның орнына таққа Есім отырады. Қапал батыр мен Есім ханның басшылығымен Жетісу аймағын басқыншы қарақытайлардан азат етіп, халқына тыныштық өмір орнатады. Ол Тәуекел ханның тұсында да Сыр бойын шапқыншылардан босатып, бейбіт өмір орнатуға үлес қосқан.

Кесене Қапал батырдың жерленген бейітінің үстінен салынған. Қапал батыр (1513-1606 жж.)-қара қытай, қалмақтармен соғысқан, батыр. Есім хан батырдың қолбасшысы болған. Есім ханның бұйрығымен осы жердегі ауыл мен өзенге Қапал батыр есімі берілген. Кесене бес күмбезді төрт бұрышты болып ақ силикат кірпішінен қаланған. Күмбездері металды конструкциялардан жасалып, цинктелген жезімен қапталған. Жалпы көлемі-11х11 м, қабырғаларының биіктігі-6 м, ортаңғы күмбездің диаметрі-3 м., биіктігі-3,50 см., төрт бұрыштарындағы күмбездердің диаметрі-2,50 см., биіктігі-2,50 см., айдың биіктігі-2 м. авторлары: сәулетшілер Ж. Ахметов, Н. Бегалиев.