Үздік психолог

Бүгін Шестаков атындағы орта мектебінде Ескелді аудандық білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес жылдың «Үздік психолог» байқауы өткізілді. Байқауға аудандық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысып, шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелері мен психологиялық-педагогикалық идеяларын, жобалар және іс-тәжірибелерін ортаға салды. Байқаудың мақсаты – талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау.

Байқау 2 кезеңнен тұрды: сырттай және бетпе-бет кезеңдері

1 кезеңде — портфолио мен эссе жазу;

2 кезеңде – таныстыру кезеңі – өзін өзі және авторлық бағдарламамен таныстыру жүргізілді.

Байқау қорытындысы нәтижесінде:

I орынды – Мелькомбинат НОМ – С.Касенова;

II орынды – Жастар НОМ – Г.Декембаева;

III орынды – Мичурин АНОМ – З.Темирбекова иеленді.

Номинациялар бойынша:

Үздік эссе: «Мен және менің мамандығым» номинациясымен Жетісу ОМ А.Мыктыбекова;

«Жас психолог» номинациясымен Титов АОМ Л.Қарғабаева;

«Креативті психолог» номинациясымен О.Кошевой АНОМ А.Сейфульмаликова;

«Психолог-зерттеуші» номинациясымен Жақыпбаев АОМ А.Сағалбаева;

«Үздік портфолио» номинациясымен Балпық би АОМ А.Аубакирова марапатталды.

Құттықтаймыз!

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі