Astana Media Week-2022 аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі UNICEF-тің Қазақстандағы Өкілінің Орынбасары Летисия Баззи-Вейлмен кездесті.
Кездесу барысында балалар құқығын қорғау, кибербуллингпен күрес, балалар контенті мәселелері талқыланды.
UNICEF халықаралық ұйымның басым бағытының бірі жастармен жұмыс екені белгілі. Осы орайда Дархан Қыдырәлі Летисия Баззи-Вейлге Жастар саясаты туралы Заң жобасындағы өзгерістер және жастарға байланысты министрліктің бірқатар жобаларымен таныстырды.
Тараптар волонтерлік бағыт, жалпы жастар мәселесі төңірегінде жобаларды бірлесе жүзеге асыруға ниет білдірді.