Бакуде Каспий теңізінің ортасын қорғау талқыланды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бастаған қазақстандық делегация осы күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенция Тараптары конференциясының алтыншы сессиясының жұмысына қатысуда.

«Каспий өңірі Каспий маңы мемлекеттері үшін маңызды тарихи, экономикалық және мәдени мәнге ие, сондықтан осы бірегей су айдынының экологиялық тепе-теңдігін сақтау біздің елдеріміз үшін маңызды міндет болып табылады», — деп атап өтті С.Брекешев өзінің кіріспе сөзінде.

Ол өз сөзінде конференцияға қатысушыларды елдегі теңіздің және оның жағалау бөлігінің ластануының алдын алу, азайту жөніндегі экологиялық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс барысымен, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілер операторларын мемлекеттік экологиялық бақылау және Каспий теңізінің қоршаған ортаға әсерін жұмсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы хабардар етті.

Қазақстанның Экология министрі әріптестерінің назарын Каспийдің заңсыз, реттелмейтін кәсіпшілігімен және су биологиялық ресурстарының заңсыз айналымымен күресті жүзеге асыруда Тараптардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылатын биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жобасына аударды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев алтыншы Каспий саммитінде (2022 жылғы 29 маусым, Ашхабад қ.) Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күрестің маңыздылығы туралы да атап өткен болатын.

Осы уақытқа дейін хаттама жобасын талқылау бойынша он үш кездесу өткізілді. Бүгінгі таңда балық аулауды бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-қимылдардың нақты тәртібін айқындау қажеттілігіне қатысты баптардың жекелеген ережелерін қоспағанда, Хаттаманың ережелері іс жүзінде келісілген.

Сондай-ақ Серікқали Аманғалиұлы Каспий теңізі трансшекаралық су объектісі болып табылатынын, өңірдің қазіргі экологиялық проблемаларын барлық Каспий маңы мемлекеттерінің бірлескен күш-жігерімен ғана шешуге болатынын атап өтті.

Кездесу барысында қазақстандық тарап Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі келісім туралы мәселені көтерді. Жыл сайын комиссияның отырысы өткізіледі, ол су биологиялық ресурстарын сақтауға, ұтымды пайдалануға, оның ішінде заңсыз балық аулауға қарсы күреске бағытталған шараларды талқылауға арналған ашық диалог алаңы болып табылады.

Сондай-ақ, С.Брекешев Каспий маңы елдері делегацияларының басшыларының назарын Тегеран конвенциясының тұрақты Хатшылығын құру жөнінде шешім қабылдауға аударды.

Ол қазақстандық тараптың біз берген ұсыныстар пакетіне сәйкес осы мәселені шешудің маңыздылығын атап өтетінін тілге тиек етті.

ҚР ЭГТРМ