Яндекс халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды жеткізіп беретін болды/Яндекс будет доставлять документы из ЦОНа

Яндекс халыққа қызмет көрсету орталығынан құжаттарды жеткізіп беретін болды

Біз «Яндекс» курьерлік қызметімен дайын құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығынан тұтынушының үйіне дейін жеткізіп беру үшін келісімге келдік. Енді дайын болған құжаттарыңызды ХҚКО-ға бару міндетті емес. Енді тапсырыс беру арқылы алуға болады.

Бізге тұрғындарға қызмет көрсету процестері неғұрлым ыңғайлы болғаны өте маңызды. Біз бұған дейін де бір жұмыс күні ішінде құжат жеткізу сервисін енгізген болатынбыз.

Енді біз Цифрлік даму министрлігінің бастамасымен  «Яндекспен» арқылы құжат жеткізіп берудің әрі жылдам, әрі ыңғайлы әдісін қолға алдық. Кейде құжаттар шұғыл қажет болып қалған жағдайлар болады. Құжатты алу үшін жұмыстан сұрануға немесе балаларды үйде жалғыз қалдыруға тура келеді.  Дәл сондай кезде Яндекс жеткізіп беру сервисі арқылы мәселені жылдам шешуге болады. Сондай-ақ бұл қызмет алтын уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеуге септігін тигізеді.

Егер сіздің үйіңіз бен ХҚКО арасы 3 шақырымға дейін болса, Яндекс сіздің құжатыңызды 1500-2000 теңгеге жеткізіп береді. Жеткізу уақыты 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Жеткізу мерзімі мен бағасы мекенжайыңыздың орналасуына, жолдағы көліктер кептелісіне байланысты өзгеруі мүмкін. «Яндекс» қызметі  Қазақстанның 17 қаласында қолжетімді. Алдағы уақытта еліміздің барлық тұрғындары бұл қызмет түріне жүгіне алады.

Жеткізіп беруді рәсімдеу процессі бәріне қолжетімді. Клиентке express.gov4c.kz порталы арқылы дайын құжаттарды жеткізу туралы 1414 қызметінен СМС хабарлама келеді. Жеткізу қызметіне жүгіну үшін анкета толтырып, мекен-жай мен телефонын көрсету керек.

Одан кейін жеткізу қызметінің ақысын төлеу қажет. Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы курьердің қозғалысын онлайн режимде бақылауға және байланысуға болады.

Айта кету керек, дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет түріне қолжетімді. Олардың қатарында жылжымайтын мүлікке иелік құқығын мемлекеттік тіркеуге қою, білімі туралы апостилденген құжаттар, мұрағат анықтамалары, әскери билеттің дубликаттарын алдырту бар. Бірақ, жеке куәлік, паспорт немесе жүргізуші куәлігін аталған қызмет арқылы алдырта алмайсыз.

***

Яндекс будет доставлять документы из ЦОНа.

Мы заключили сотрудничество с курьерской службой «Яндекс» по сервису доставки готовых документов из ЦОНа до двери клиентов. Теперь не обязательно ехать за готовым документом в ЦОН, можно заказать доставку.

Для нас важно, чтобы процессы обслуживания населения были максимально комфортными, и не было необходимости повторно приходить за готовыми документами. Ранее мы уже запустили сервис доставки документов в течение одного рабочего дня.

Теперь мы по инициативе Министерства цифрового развития совместно с «Яндекс» реализовали альтернативный способ доставки, более быстрый и удобный. Часто бывает, что документ необходим нам срочно, и в такие моменты удобно воспользоваться «Яндекс» доставкой. У людей не всегда бывает возможность отпроситься с работы, дополнительно приехать или оставить детей дома. Сервис по доставке документов значительно экономит время и деньги.

Так, допустим, если расстояние до ЦОНа 3 километра, то Яндекс привезет документ ориентировочно за 1 500-2 000 тенге. Время доставки составляет от 15 минут до 2 часов. Сроки доставки зависят от адреса отправления, стоимость может варьироваться в зависимости от вашей локации, заторов и загруженности на дорогах. «Яндекс» доставка уже доступна в 17 городах Казахстана, в ближайшее время воспользоваться сервисом смогут жители всей страны.

Процесс оформления доставки доступен для каждого. Клиент получает SMS от службы «1414» с предложением оформить доставку готовых документов посредством портала express.gov4c.kz. При доставке клиенту необходимо заполнить анкетные данные, указать адрес доставки и телефон.  Затем необходимо произвести оплату за доставку документов. Отслеживать курьера в режиме реального времени и поддерживать с ним связь можно через мобильное приложение Яндекс.GO.

К сведению, доставка готовых документов доступна по 150 госуслугам среди которых документы по государственной регистрации прав (обременений) на недвижимое имущество, акты на земельные участки, апостилированные документы об образовании, архивные справки, дубликаты военных билетов и другие. При этом под сервис доставки не попадают такие документы как удостоверение личности, паспорт и водительские права.