«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев биылғы жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Бар білімнің негізі балабақшадан қаланады. Балалар жылында балабақша педагогтары ерекше серпінмен жұмыс жасады, себебі біздің барлық жұмысымыз кішкентай балғындармен тығыз байланысты, сол себепті әр кез ата-ананың көз қуанышына айналған сәбилердің бақытты болғанын қалаймыз. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын балалардың жан-жақты болуы үшін педагогикалық әдістерге сүйене отырып, кешенді іс-шаралар жоспарлап өткіземіз.
Балабақшамызда барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп отырады. Ашық оқу қызметтері, мерекелік ертеңгіліктер, түрлі спорттық шаралар, сайыстар, байқаулар өткізіліп отырады. Ата-аналарымен де тығыз байланыс орнатудамыз. Жыл басынан бастап балабақшамызда өткізілген іс-шаралар: “Білім күні”, “Тіл мерекесі”, “Табиғатқа саясат”, “Берекелі алтын күз”. Сонымен қатар, түрлі тақырыптарда тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Мысалы: “Спорт әлеміне саяхат”, “Қош келдің, балақай!”, “Менің сүйікті ертегілерім”. Балабақшамызда жазғы сауықтыру кезеңінде іс-шаралар жоспарлананып өткізілді. Атап айтқанда, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған “Бақытты – балалық шақ” кешенді іс-шарасы кезінде балалардың арасында сурет байқауы өткізілді. Балабақша тәрбиеленушілері Серік Айару, Сейфолла Жанбота (тәрбиеші М.Н.Ахтанбаева) Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған «Менің бақытты балалық шағым» сурет салу жарысына қатысып, Грамотамен марапатталды. , Ерланқызы Айзере «Балапан-бояулар әлемі» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды (тәрбиеші Г.А.Балтабаева). Сондай-ақ балабақшада «Экология» апталығында – “Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз” (саяхат, көрме), «Салауатты өмір салты» апталығында – “Дені саудың жаны сау” сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
«Ұлттық ойындар» апталығында ұйымдастырылған “Ұлттық ойын әлемінде” спорттық ойындары, «Жолда жүру ережесі» апталығында – “Балалар және жол”, «Ойыншықтар» апталығында әртүрлі ойын-сауықтар, «Театр» апталығында театрлық қойылымдар балалардың ой-өрісінің өсуімен қатар, олардың денсаулығын жақсартуда атқаратын қызметі атап айтарлықтай.
“Балалар жылын” жан-жақты қолдау мақсатында кешенді іс-шаралар өткізудеміз. Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеудің маңызы өте зор. Балалардың бойына адалдықты, үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды түрлі ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтел мен ертегілер, жұмбақ пен өлеңдер арқылы дарыту – ең басты парызымыз.
Осы тұста балабақша ұжымына артылар жауапкершілік те орасан. Сондықтан баланы ерте жастан еңбекқорлыққа баулуда, білімді болуға құлшындыру жолында өз үлесімізді қосудамыз. Балабақшадан тәрбиеленген ұрпақтың білімді де ақылды, өнерлі де өнегелі болып қалыптасуына сенімім мол.
Айман Кадирбекова,
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі