Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Қазақ спортшылары өткен аптада да халықаралық жарыстарға қатысып еліміздің мәртебесін биіктетті. Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Ауыр атлетика. Айзада Мүптілда мен Асылжан Бектай Бахрейнде Азия чемпиондары атанды, Арай Нұрлыбекова – күміс жүлдегер, ал Аиша Омарова, Любовь Ковальчук және Артем Антропов қола жүлдеге ие болды.

Жеңіл атлетика. Қазақстандықтар Кувейтте жеңіл атлетикадан 18 жасқа дейінгі Азия чемпионатында өнер көрсетті. Біздің команданың қоржынында 3 алтын (Сабрина Арзиева, Арина Гладышева және Алина Чистякова), 3 күміс (Алина Чистякова, Анастасия Палуба, Ринат Кулыгин) және 1 қола медаль (Айбол Омар) бар.

Теннис. Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында теннистен Азия чемпионаты аяқталды. Жеке есепте Ариана Гогулина мен Альбина Кәкенова ең жоғары жетістік көрсетіп алтын медаль алды. Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді. Командаға Альбина Какенова, Ариана Гогулина, Арсений Требухин, Олжас Есеналы жеңіс алып келді.

Семсерлесу. Кувейтте семсерлесуден Азия жастар чемпионаты аяқталды. Спортшыларымыз бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Көркем гимнастика. Чехияда көркем гимнастика бойынша Гран-при кезеңінде Сабина Бакатова қола жүлдеге ие болды.

ҚР МСМ баспасөз қызметі