2022 жылдың 6-қазанында аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихатқа сайланған 12 депутат қатысты. Сессияның жұмысына аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы Ахметов және сессияға шақырылған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме, ұжым басшылары қатысып, көкейкесті сауалдарын талқылады.
Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің Мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» № 19 Жарлығына сәйкес, Қоңыр ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауы туралы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі. Баяндамашы: Арай Елубекұлы Құлахметов – Қоңыр ауылдық округінің әкімі. Аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі басшысының 2022 жылы атқарған жалпы жұмыстары, жылу маусымына дайындық мәселесі және алдағы атқарылатын жұмыс жоспары туралы есебі.
Баяндамашы: Жанас Жанайдарұлы Ертұрғанов – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы.
Сөз аудандық мәслихаттың депутаты Раушан Блисбекқызы Мейрбековаға беріліп, аудан әкімдігінің дербес құрамымен таныстырылды.
Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы — аудан әкімі;
Әлімбеков Жұмағұл Абдраманұлы — аудан әкімінің орынбасары;
Исабеков Айдын Ерболғанұлы — аудан әкімінің орынбасары;
Тулакбаев Болат Толымбекұлы — аудан әкімінің орынбасары;
Джолдыханов Жандос Бейсенбекұлы — аудан әкімі аппаратының басшысы;
Бейсекулова Гульмира Мукатаевна — аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Қожахметов Қуат Рахметоллаұлы — аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы.
ЖШ Ақпарат