Ата-аналар жиналысы өтті

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлімбековтың төрағалығымен «Балалар қауіпсіздігінің алдын алу,  ата-ананың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жиналысқа аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, мектептердің педагог-психологтары және білім беру мекемелерінің ата-аналары қатысты.

Күн тәртібінде 5 сұрақ тақырыпқа сәйкес қаралды:

1) «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама.

Баяндамашы – Жомарт Сәрсенғалиұлы Сулейменов, Ескелді ауданы прокурорының орынбасары.

2) «Балалар қауіпсізідігі. Алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама.

Баяндамашы –  Ескелді АПБ-нің ЖПҚБ-нің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Алик Курманғалиевич Рахметов.

3)  «Дені сау ұрпақ — дені сау ұлттың болашағы» айдарында «Заманауи дерт — синтетикалық есірткі» тақырыбында баяндама.

Баяндамашы – Ескелді аудандық емханасының меңгерушісі Саят Қанатұлы Ткенбаев.

4) «Білім беру мекемелерінде төтенше жағдай орын алғанда мектеп қызметкерлері мен оқушылардың әрекет түрлері» тақырыбында баяндама.

Баяндамашы – Аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Абылай Әбікенұлы Найзабеков.

5) Ата-ананың бала өміріндегі орны және жауапкершілігі.

Баяндамашы – Мелькомбинат негізгі орта мектебінің педагог-психологі Касенова София Маратовна.

Әр қаралған мәселелер бойынша ата-аналар актуалды және маңызды сұрақтарын қойып, тікелей жауап ала алды.

ЖШ ақпарат