Мемлекеттік қызмет көрсету

Жалпы мемлекеттік қызмет көрсету деген не? Ондай қызметті қайдан? қалай? алуға болады деген сұрақтар туындау мүмкін. Бәлкім қазіргі таңда бұны білмейтін адам жоқ шығар.

Мемлекеттік қызмет бұл  азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Яғни біз өзіміз білетін жеке куәлік, тұрғылқты мекен жай туралы анықтама, туу туралы куәлік және сол сиякты басқада құжаттарды алу мемлекеттік қызметке жатады. Әрине айта берсек ондай құжаттардың түр-түрі бар.

Көп адамдар, әсіресе интернет қолданушылары оның адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге әсері мол. Қызіргі таңда тіпті ауруханаға бару үшінде, тіпті мемлекеттік қызмет көрсету орталығына кезектіде  интернет желісі арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, үкімет тарапынан да берілетін мемлекеттік қызметтерді үйде отырып ақ алуға мүмкіндіктер жасалып жатқаны мәлім. Көптеген мемлекеттiк қызметтердi www.egov.kz мемлекеттiк қызметтер порталын қолдану арқылы алуға болады. Электрондық өтiнiштi кез-келген уақытта, мереке немесе демалыс күндерi, Интернет желiсiне шығу мүмкiндiгi бар планшет немесе ұялы телефон арқылы беруге болады. Қызметтi үйден шықпай алуға болады. Мемлекеттiк қызметтер порталы арқылы электрондық өтiнiштi және қажеттi құжаттар тiзiмiн жiберу жеткiлiктi. Сiз тек қана өзiңiздiң өтiнiшiңiздiң орындалу барысын қадағалайсыз. Электрондық нұсқада мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қол) алу қажет. Электрондық нұсқада мемлекеттiк қызметтi алу маңыздылығы уақыт шығынын кемiту, мемлекеттiк органның иелiгiндегi құжаттарды ұсынуды қолайлы уақытта шығару, Интернет желiсi арқылы мемлекеттiк қызметтi кез-келген жерден алу және де мемлекеттiк қызметтi ұсыну барысы туралы ақпаратты алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету мүмкiндiгi.

 Соңғы кездерде білім ошақтарына кезекке тұру, не болмаса тіркелу де электронды нұсқада  https://kezek.e-zhetysu.kz/ сайты арқылы жүргізіледі. Балаңызды кезекке қойып, кезегінің жылжу бағытын да қадағалап отыруға мүмкіндік бар.

Кезекке қою барысын білмеймін не болмаса бұл сайтпен жұмыс жасай алмаймын дегендерге тіпті сайтта кішігірім видео ролик түсіндірмесі бар. Демек мемлекеттік қызметтердің қандай түрін алғыңыз келседе керек сайттан, интернет желісінен барлығын табуға болады екен.

Ауылдық жерлерде жергілікті әкімшіліктен не болмаса  мемлекттік ұйымдарда «Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Ауыл тұрғындары үшін бұл өте қолайлы, себебі көп жерде интернет желісі жұмыс жасамайды, көп тұрғындарда интернет қосылмаған болуы мүмкін. Сондай кезде әр тұрғын «Мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы» бар мемлекеттік ұйымнан көмек сұрай алады, не болмаса өзі сол бұрышты қолдана алады.

Мемлекеттік қызметті алудың тағы бір түрі ол мобильді қосымша. 

  Бұл қосымшаны Google Play  немесе  AppStore арқылы ұялы телефонға көшіріп қолдана беруге болады. Тіркелу барысында телефон нөмірін енгізіп, берілген шарттарды орындау арқылы кіруге болады.

 А.С.Қасым,

 Музыка жетекшісі

«Қарлығаш» балалар бақшасы