2022 жылдың күні «Қарлығаш» балалар бақшасының ұжымдарының арасында терроризмнің алдын алу жұмыстары жүргізіліп, алдын алу іс-әрекеттері түсіндіріліп, жадынама таратылды.
Терроризмнің алдын алу маңызды мәселе болып табылады. Терроризм туралы білумен қатар, оның кез келген уақытта орын алатыны белгілі. Терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізудің мақсаты: жеке адамды, қоғамды және де мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады. Террористік тұрғыдан осал объектілерге: сауда алаңы, қоғамдық орындар, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де ғимараттар, білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және туристерді орналастыру орындары т.с.с. жатады. Бүгінгі күні елімізде халықтың терроризмге қарсы сауаттарын жақсарту туралы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Терроризмнің түрлерінің бірі — білім беру мекемелерін басып алу. Сондықтан, білім беру мекемелерінде үнемі терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Терроризмнің алдын алу жұмыстарына ең алдымен білім беру мекемелерінің қорғанысы кіреді. Ол үшін мектеп, балабақша және т.б. мекемелердің ғимаратының ішінде және аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін техникалық жабдықтаулар өте маңызды. Мысалы: терезелерге торлар орнату, сапалы темір есіктер орнату, күзет дабылы, бейнебақылау камераларын орнату, қауіп дабылын орнату және т.б. Техникалық жабдықтардан басқа қауіпсіздік техникасын да әзірлеу қажет. Атап айтсақ, өртке қарсы жүйелердің болуы.
— Терроризмге қарсы комиссия құру. Комиссия мүшелерінің міндеттеріне мыналар кіреді:
— Аумақты күнделікті аралап, жарылғыш заттар қоюға болатын барлық орындарды, қоймаларды және шаруашылық бөлмелерін тексеру.
— Жұмысшылар құрамына мұқият іріктеу жүргізу.
— Әр кеш сайын терезелердің, есіктердің, қорғаныс торларының бүтін екенін тексеру, аумақты тексеру.
— Террористік шабуыл болған кезде өзін — өзі ұстау қағидаларын түсіндіру, іс — шаралар өткізу.
Терроризм актінің қаупі туындаған жағдайда сабыр сақтау қажет. Полицияға террористік актінің қаупі туралы хабар беру керек.
Мына номерлерге хабарласқан кезде міндетті түрде өзіңіздің аты — жөніңізді атаңыз және оқиғаның барлық мән — жайын айтып беріңіз.
Егер ғимаратта терроризм актісі орын алса:
Еденге жатып, басыңызды бүркеңіз. Терезелерге, шкафтар мен сөрелерге жақындамаңыз.
Жүгірмеңіз, сабыр сақтау керек. Есік ойығына, көтергіш қабырғаға жақын болыңыз.
Эвакуация туралы ақпарат келген жағдайда:
Сабыр сақтау қажет. Жүгірмей, әбігерсіз балаларды ғимараттан шығару керек. Бөгеліп қалған адамдарға көмектесу маңызды. Шыққан адамдарды түгендеу керек.
Адамдарды кепілге алған жағдайда:
Айғайламаңыз, дүрбелеңге бой алдырмау керек. Барынша сабырлық сақтаңыз. Өзіңіз келіссөз жүргізбеңіз. Жаныңыздағы адамдарды сабырға шақырып, көмек көрсету керек. Мүмкін болса, полицияға хабарлау қажет.
Н.Р.Медетбекова,
Тәрбиеші
«Қарлығаш» балалар бақшасы