Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Бұл моральдық және құқықтық бағалау тақырыбына айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеден тез нәтижеге жету қиын, сондықтан оны мектеп жасына дейінгі кезден бастау керек. Біз балаларға заңсыз әрекеттердің не екенін жеткізіп, оларды неліктен жасауға болмайтынын түсіндіруіміз керек.
Тәрбие жұмысы кезінде балалардың жасына және жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық іс-әрекеттер ұйымдастыру қажет.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру үшін олардың әлеуметтік, адамгершілік қасиеттерін, дербестігі мен жауапкершілігін дамыту қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың бір түрі — ойын әрекеті болып табылады. Сюжеттік-рөлдік ойындар барысында педагогтарға балаларды заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге арналған мамандықтармен таныстырады. Сюжеттік-рөлдік ойындар мен театрландырылған қойылымдарды ұйымдастыру тәрбиеленушілерде «адалдық», «парасаттылық», «шыншылдық» ұғымдары және әртүрлі адамдармен қарым-қатынас, қазіргі этикет, мінез-құлық мәдениеті ұғымдары бойынша түсініктер қалыптастырылады.
Балалардың бойында этикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін педагогтар қазақстандық жазушылар мен ақындардың көркем туындыларын, халық ауыз әдебиеті туындылары: Ы.Алтынсариннің «Мақтақыз бен мысық», «Әке мен ұл», «Қырғауыл пен торғай», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш»ертегісі балаларды ауызбірлікке, адалдыққа тәрбиелейді, әңгімелері мен ертегілерін пайдалана алады.
Мектепке дейінгі педагогика әдістерін және көркем әдебиет мысалдарын қолдану мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің адамгершілік ұғымдарын қалыптастыруға ықпал етеді. Қорыта келгенде, бұл өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің негізі болып табылады.
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудың тиімділігі, адамгершілік тәрбиенің жалпы жүйесі аясында келесі жағдайларды ескеруіміз керек:
-балаларға мінез-құлық нормалары мен ережелерінің, адамгершілік мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тәрбиенің әртүрлі құралдары мен әдістерін қолдану;
– балалар арасында адамгершілік сезімдер мен сыйластық қатынастардың көрінісін ынталандыратын атмосфера құру;
— педагогтар мен ата-аналардың тәрбиелік күш-жігерінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Балалардың өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі құрметтеуін және басқаларды құрметтей білуге тәрбиелеуіміз керек. Әрбір бала өз құқықтарын, міндеттерін білуі керек, сонда олар өздеріне қажетті жағдайда оңай жұмыс істей алатын болып өседі.
Э.М.Жунуспаева,
Комплеанс офицер
«Қарлығаш» балалар бақшасы