Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің жаңа Стандартын басшылыққа ала отырып, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ: әдістемелік нұсқау хат; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған перспективалық жоспар; апталық циклограмма; балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесі арқылы оқу қызметі жүргізіледі.
Педагогикалық жұмыстың деңгейін көтеру барысында педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, семинарлар, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, жүргізіледі. Балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын бақылау үшін индикаторлар жүйесі арқылы ұйымдастырылған іс әрекеттері жүргізіледі, бағытталған 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар жоспар бойынша, тәрбиеші педагогтар өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында, ашық ұйымдастырылған іс әрекеттер өткізіледі.
Жылдық жоспардың міндеттерін орындау барысында 5 педагогикалық кеңестер белгіленіп өтіледі. Балабақшаның әдістемелік кеңесі тәжірибелі педагогтардың іс – тәжірибесін оқып – білуге, таратуға көп көңіл бөледі. Әрбір педагогтың жеке портфолиосы бар, онда оқу – тәрбие жұмысы үрдісінде жеткен жетістіктері тіркеледі, өткізген ашық ұйымдастырылған іс әрекеттер, мерекелік іс – шаралардың жоспарлары өңделіп жинақталған. Балабақшада педагог мамандар, өз білімін жетілдіруде облыстық мұғалімдер білімін көтеру институтынан өз біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарынан жоспарлы түрде өтуде.
Балабақша тәрбиешілерінің әдістемелік жұмыстары республикалық, облыс, аудан көлеміндегі кітаптарға, журналдарға іс-тәжірибелері шығуда. Мысалы: Республикалық педагогикалық журнал «Тәрбиеші», Республикалық педагогикалық журнал «Дарынды оқушы».
Зульфия Валеева,
Әдіскер
«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы