Оқу бағыты бойынша жұмыстар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке

мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және

дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын,

«Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

Міндеттері:

— баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;

— балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік

дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;

— әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша

мониторингті ұйымдастыру;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламасы:

— мектепке дейінгі жастағы балалардың денесін және психологиялық саулығын нығайтуға,оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулуға;

— баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;

— балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту

міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;

Бағдарлама  балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»  бес білім беру саласы және білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру  арқылы іске асырылады.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру жас ерекшелігі психологиясы мен мектепке дейінгі педагогика  және білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады. Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу және пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп  әрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі және өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Білім беру  үдерісін тиімді ұйымдастыру және балаларды мектепке

дейінгі  ұйымдарда сапалы тәрбие мен және оқытумен қамтамасыз ету

үшін келесі ұстанымдар және тәсілдер қарастырылуы қажет:

— тәрбие мен оқытудың барлық қатысушылары — педагогтар, психологтар, ата-аналар мен баланың тұлғасын қалыптастыру мен оның қабілеттерін дамытуда  кешенді тәсіл;

— балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оларды дамыту да әрекеттік тәсіл;

— баланың дамуы мен мектепке дейінгі ұйымның қызметінің деңгейлеріне (мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг

жүргізу үшін автоматтандыру жүйесі)

мониторинг жүргізуде инновациялық тәсіл;

— тәрбие мен оқыту мазмұны мен әдістерінің

бірлігі, сабақтастығы, үздіксіздігі;

Білім беру процесін іске асырудың инновациялық тәсілі  мақсатында балалардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін арттыратын, эмоционалды-күштік саласын дамытатын, баланың танымдық қабілеттерін белсендіретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа, заманауи технологиялары мен әдістері енгізіледі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үйретуші және дамытушы бағдарламалардан тұратын ресурстары бар интерактивтік жабдықтан тұрады.

Аталған технологиялар электронды контент ресурстары мен дидактикалық

үлестірме  материалдарды үйлестіреді, бұл логиканың, ойлаудың, сенсорлық

қабілеттердің дамуына мүмкіндік береді.

Инновациялық технологиялардың ерекшеліктері бір уақыттағы әрекет барысында  бірнеше әрекеттің қатар жүргізілуінен тұрады:

— мәтінді кәсіби дикторлардың айтуы;

— мультимедиялық анимациялық материалдарды көрсету;

— балалардың  білім беру әрекетіне қатысуында.

Жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, әр педагог өзінің білімін жетілдіріп,іздену қажет.

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақалды айта келе,баабақшамыздың барша педагогтары бала санасына ұлттық салт дәстүрді дәріптеуде. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру,өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор.

Педагогтердің мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеру-бала тұлғаның табысты дамуының кепілі.

Жаңартылған Стандарт негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылым мен практиканың жетістіктері, отандық және шетелдік тәжірибелер ескеріліп,  «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» үш білім беру бағдарламаларының орнына Бағдарлама әзірленді.

Әдістемелік-нұсқаулық хат жаңартылған мазмұнды іске асырудың негізгі бағыттарын, мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдерін, Стандарт  талаптарына сәйкес балаларды  дамыту мен тәрбиелеу үшін жағдайлар жасауды, мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыруды, тәрбиешілердің педагогикалық шеберліктерін арттырудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

Балабақшадағы инновацияға не жатады?

Инновациялық іс — әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

Тәрбиеші инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады.

Бұл кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.

Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу — тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу  шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады. Оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек.

Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кәсіби, жалпы мәдени

және денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға.

Педагог Бағдарламада анықталған міндеттерді жемісті іске асыру үшін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барынша тиімді құралдары мен технологияларын қолдануы және игеруі қажет. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысуы қажет.

Ж.Н.Ельчибекова,

 «Қарлығаш» балалар бақшасы

Тәрбиеші