1-қазан күні «Қыстың қамын жаз ойла!» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш шара Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырды. Мақсаты, Халықаралық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау. Олардың бос уақытын тиімді өткізу.
Алтын күздің әдемілігі мен әсерлігін көрсету. Шара барысында әртүрлі ертегілерден сахналық қойылымдар қойылып, әндер шырқалды. Келген қонақтар мен балалардың қуанышында шек жоқ. Мерекелік бағдарламадан соң, балаларға арнап дастархан жайылды. Бөлім басшысы Бейсбаев Асхат Қалымжанұлы келген ата-аналар мен балаларды күз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
А.Бейсбаев,
«Ескелді аудандық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы