Қариясы бар ауыл- қазынасы бар ауыл

1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» деп жарияланды. Ең алғаш Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған. 1980 жылдың аяғынан бері бүкіл әлемде аталып өтілуде.

Атам қазақ «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген даналықты ежелден ұстанып, жасы келген адамдарды ақылдың кеніші, барлық істің көзін білетін тәжірибесі мол жандар деп, оларға құрметпен қараған. «Қариясы бар ауыл-қазынасы бар ауыл» деген нақылдың осындай пайымнан туғаны анық. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат-жалғызбасты қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу. Әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. «Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінің есебінде тұрған 66 қартқа оның ішінде 3 мүмкіндігі шектеулі жанға, қайырымдылық көмек көрсетіліп, 264 мың теңгеге азық-түлік себеттері таратылды.

«Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жақсылық жасауға асығайық!» акциясына ат салысып демеушілік көрсеткен: «Қазақстан», «Мега», «Оптомаркет», «Овация», «Оптовочка»,  «Достар», «Болашақ», «Люкс», «И снова Здравствуйте»,  «Каратал», «Малика», «Ақ жол», ИП Бозаева  дүкендері және  жеке кәсіпкерлер Касабекова және Шуленбаеваға алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, әулеттеріңізге амандық, отбасыларынызға  бақ-береке тілейміз!

А.Бейсбаев,
«Ескелді аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы