Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу Қазақстан облысы бойынша департаменті талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында облысымыздаың ЖОО түлектері үшін «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің жобасы іске қосылғанын жариялайды!
Мектепті аяқтағаннан кейін сіз мемлекеттік қызметтің не екенін, мемлекеттік органдар қалай жұмыс істейтінін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен шектеулер туралы білесіз.
Сізге мемлекеттік басқару туралы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар облыстың мемлекеттік органдарында тәжірибеден өтіп, өзін мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндігі беріледі.
Дәрістер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының ғимаратында, Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі, 2А мекен-жайы бойынша өтеді, аталған ғимарат сапалы және тиімді сабақтарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
«Bastau» мектебінің оқытушылар құрамы Академия филиалының үздік оқытушылары мен лекторларынан тұрады.
Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебіне жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары тартылады.
Естеріңізге сала кетейік, оқыту ақысыз, негізгі сабақтардан үзіліссіз өтеді!
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Жетісу облысының жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының соңғы курс студенті болу.
2. Мемлекеттік қызметші болуға ынта білдіру!
Өтінімдер 2022 жылғы 10 қазан айына дейін қабылданады.
Қосымша ақпаратты: 8 7282 241050, 241153 телефондары арқылы алуға болады.