Менің ісім өнеге!

24 қыркүйекте Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Менің ісім өнеге » атты Облыстық спартакиада өтті. Аталмыш шара Жетісу облысы Талдықорған қаласында болды. Басты мақсаты, мұғалім құзіреттілігін көтеру. Өзгеге үлгі, шәкіртке өнеге болу. Оқытушының жан-жақтылығын, шығармашылығын таныту. Мұғалімдер арасындағы облыстық спартакиадаға Ескелді ауданының құрама командалары  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтатын болсақ, шахмат ойынынан 1 орынды қанжығаға байладық. Ал, үстел теннисінен 3 орынды иелендік. Құттықтаймыз!

ЖШ Ақпарат