Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

«Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 27 қыркүйек айында  жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша аудандық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындар жәрменкесі» өткізіді.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету-әрбір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі.

Осы іс-шараға Ескелді ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, жұмыс берушілер, шаруа қожалығының және жеке кәсіпкерлердін басшылары, жұмыссыз аудан тұрғындары, Ескелді аудандық сот орыңдаушылардың есебінде тұрған борышкерлер, Ескелді аудандық пробация қызметінде есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар шақырылған.

Жәрменкеге18-жұмыс берушілер қатысып, олардың 63-бос лауазымдық орындар үсынылды, электронды «Еңбек» биржасынан 42-вакансия ұсынылды. Өз кезегінде жұмыссыз азаматтар көкейдегі толгандырып жүрген мәселелері бойынша толыққанды, әрі нақты мағлұматтар алды.

«Ескелді ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ