Ескелді ауданының әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ

«КЕЛІСЕМІН» «Ескелді ауданы ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі » ММ басшысы Д.Оразалинов   _____________
  21.09.2022 ж  
 «БЕКІТЕМІН» «Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ  төрағасы Д.Ауданбаев   _____________   21.09.2022 ж

Ескелді ауданының әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 1. Осы Ереже әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ескелді ауданы ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі » ММ қолдауымен «Yerkin» өнер академиясы» ЖҚБ  ұйымдастыратын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар» байқауының (бұдан әрі — байқау) өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты — азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

2. Байқауды өткізудің жалпы тәртібі

 3. Байқау тақырыбында келесі номинациялар белгіленді:

— «Тең мүмкіндіктер қоғамы»;

— «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;

— «Жастарға бастау».

4. Байқау өткізу туралы хабарландыру «Ескелді ауданы ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Жетісу шұғыласы» аудандық газеті және сайтында орналастырылады және әлеуметтік желілерде.

5. Байқауға саяси партияларды, кәсіптік одақтар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тіркелген қоғамдық ұйымдар, қоғамдық және жеке қорлар мен мекемелер, бірлестіктер, одақтар,  жастар ұйымдары қатысады.

6. Байқауда өтінімдер мен конкурсқа қатысушылардың санына шек қойылмайды.

7. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

I кезең (2021 жылғы 22 қыркүйектен 4 қазанға дейін) — конкурстық өтінімдерді белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қабылдау, бастапқы іріктеу; үміткерлермен оқыту семинарлары мен консультациялар өткізу.

II кезең (2022 жылғы 5 қазан күні) – жобаларды бағалау, жобаға қатысу үшін ТОР 3 жобаны іріктеу.

Конкурс жеңімпаздары — ТОР-3 жоба байқаудың комиссияның шешімімен анықталады және әлеуметтік жобаларды қолдау және іске асыру үшін гранттық қаржыландыру бөлінген сертификаттармен марапатталады.

8. Байқау жеңімпаздарының саны және қаржылық қолдау көлемі: жалпы Қоры – 1 500 000 теңге, оның ішінде  әр жоба жеңімпазына 500 000 теңгеден . Байқау қорытындылары туралы барлық ақпарат «Ескелді ауданы ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, «Жетісу шұғыласы» аудандық газеті және оның сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

3. Байқауға өтінімдерді беру тәртібі

9.Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) бекітілген нысанға сәйкес өтінім,

2) мәлімделген жобаны қолдау үшін ұсыныс хаттар ұсынылады (болған жағдайда).

10. Өтінім байқаудың тақырыптық бағыттарына сәйкес келуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

1) өтініш беруші туралы ақпарат;

2) жобаның атауы;

3) байқау номинациясының атауы;

4) жобаның қысқаша сипаттамасы;

5) жобаның мақсаты мен негізгі міндеттерінің сипаттамасы;

6) мәселені белгілеу;

7) әлеуметтік әріптестік;

8) нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы;

9) күтілетін нәтижелер;

10) жобаның тұрақтылығы;

11) жоба бюджеті.

11. Байқауға қатысуға өтінім ұсынудың жарияланған мерзімінен кешіктірмей және мәлімделген жобаны іске асыру басталғанға дейін жіберілуге тиіс. Өтінім MS Word форматында электронды түрде ten_qogam2022@mail.ru баспа түрінде (пошта арқылы немесе курьермен) қазақ немесе орыс тілдерінде «Ескелді ауданының әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы » белгісімен жіберіледі.

12. Байқауға ұсынылған өтінімдер мен құжаттама қағаз жеткізгіште қайтарылмайды, бірақ өтінімнің электрондық жеткізгіштегі нұсқасы ретінде қалады.

13. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер байқауға қатыстырылмайды.

4. Байқау комиссияның жұмыс тәртібі

 14. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтау және жобаларды бағалау үшін мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатарынан құрамында кемінде 3 (үш) адамнан құрылады.

15. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен, жай көпшілік дауыспен, кворум құрамының 2/3 кем болмаған жағдайда қабылданады.

16. Комиссияның шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

17. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған барлық мүшелері қол қояды.

5. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері

 18. Жобаларды конкурстық комиссия мынадай өлшем шарттар бойынша бағалайды:

1) жобаның басым бағыттарға, байқау шарттарына сәйкестігі, жобаның пысықталу дәрежесі мен сапасы; 

2) әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі;

3) жобаның нақты міндеттерінің шынайылығы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу;

4) ұйымның әлеуметтік-маңызды қызметінің тұрақтылығы, ұйымдастырушылық әлеуеті;

5) әлеуетті серіктестердің, инвесторлардың болуы (немесе тарту мүмкіндігі);

6) жобаның тұрақтылығы, жобаның нәтижелерін пайдалану перспективалары;

7) қаржы қаражатының негізділігі.

6. Марапаттау рәсімі

19. Өткізу күні мен орны туралы ақпарат барлық қатысушыларға қосымша хабарланады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 771 441 29 05 (Аманжолұлы Ғазиз)

Қосымша -1

 «Ескелді ауданы бойынша әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы» «_____________________________________» номинациясы бойынша қатысуға өтінім

 Өтінімдер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.

Өтінімнің жалпы көлемі 5 беттен аспайды.

Өтінімді ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 4 қазан, 18: 00-ге дейін (қоса алғанда).

№ п/п    
1Мекеме атауы   
2Ұйымның мекен-жайы (пошта индексі, облыс, қала, көше, үй нөмірі)   
3Байланыс деректері: (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)   
4Ұйымның әлеуеті, жобаларды іске асыру және гранттарды басқару тәжірибесі (оның ішінде қазіргі уақытта қандай жобалар іске асырылып жатқанын көрсету, грант берушінің атауы және грант сомасы)   
5Идеяның, жобаның атауы   
6Идея, жоба ұсынылған номинацияны белгілеңіз  — «Тең мүмкіндіктер қоғамы»; — «Әлеуметтік кәсіпкерлік»; — «Жастарға бастау».
7Жобаның қысқаша сипаттамасы   
8Жобаның мақсаттары мен міндеттері 
9Мәселені белгілеу (½ беттен артық емес)   
10Жобаны іске асырудағы әлеуметтік әріптестік   
11Нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы   
12Күтілетін нәтижелер (½ беттен артық емес)   
13Жобаның тұрақтылығы (жобаны одан әрі іске асыру)   
14Жобаның бюджеті (негізгі шығындарды көрсетіңіз) жалпы сомасы 500 (бес жүз) мың теңге   
15Жетекшінің қолы, М.П.