МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫМЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегі күні Талдықорған қаласы Тіл сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысы Қ. Т. Манаптың төрағалығымен мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты облыстық жергілікті атқарушы органдарымен кеңейітілген жиналыс өткізілді.

Жиынға Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, аудан, қала әкімдері аппараттарының басшылары, облыс әкімі аппаратының және аудан, қала әкімдері аппараттарының біріңғай персоналды басқару бөлімдері мен мониторинг және мемлекеттік қызметтер бөлімдерінің басшылары, облыстық басқармалардың кадр және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдері, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында Департамент басшысы Қ.Манап жиын қатысушыларына мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау, оның ішінде азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, кадрлық процестерді ақпараттық жүйе арқылы рәсімдеу, қызметкердің сіңірген еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесінің дәрежесіне байланысты мансаптық жоғарылату, мемлекеттік аппараттың кадрлық тұрақтылығы, Әдеп нормаларын сақтау, қызметтерді көрсету барысында «Ең алдымен адамдар» қағидатын ұстану мәселелерін қозғап, Департаменттің міндеттері мен атқаратын функцияларына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиналыста мемлекеттік қызметті өткерудегі жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы көрсеткіштері, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау, мемлекеттік қызметшілермен Әдеп нормаларының сақталуы баяндалды. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер мен кемшіліктер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызмет саласындағы жұмысты жандандыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.