Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңісі

Тағы бір жұмыс аптасын жағымды жаңалықтардан бастаймыз. Өткен жеті күнде ел спортшылары отандастарын жарқын жеңістерімен тағы да қуантты. Біз жеңісті сәттердің ең маңыздыларын назарларыңызға ұсынамыз.

Мәнерлеп сырғанау. Рахат Бралин Латвияда өткен жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирінде үшінші орын алды.

Бокс. Бокстан Қазақстанның әйелдер командасы Польшада өткен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Алтын медальды Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова және Карина Ибрагимова иеленді. Валентина Хальзова күміс медаль, үшінші орында – Балауса Мұздыман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан, Мәдина Нұрашева.

Таэквондо. Францияда паратаеквондодан Гран-при сериясының турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар ел қоржынына бір күміс және екі қола медаль салды. Нұрлан Домбаев екінші орынды иеленсе, Камила Досмолова мен Нышан Өмірәлі үздік үштікті тұйықтады.

ҚР МСМ Баспасөз қызметі