ҰБТ-ға сапалы дайындық – нәтиже кепілі

ҰБТ қорытындысы – 11 жыл бойы мектеп қабырғасында алған білімнің нәтижесінің өлшеуіші. Сапа – оқушының тынымсыз еңбегінің,  ал оқытушының  шығармашылығымен  ізденісі, жүйелі жұмысының  нәтижесі екені сөзсіз. Осы сапа көрсеткіші  ҰБТ  қорытындысымен бағаланады. ҰБТ — мектеп түлектерінің келешек өмірі мен болашақ мамандығына алар жолдамасы. Жүйріктің бағы бәйгеде ашылса, үздік оқушының білімі ҰБТ-де көрінеді.

Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінің биылғы оқу жылында                     10 оқушы мектеп бітірді. ҰБТ-ге 6 оқушы   қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. 2 оқушы 100-ден жоғары ұпай  жинаса, 4 оқушы шекті ұпайды жинады. Физика-математика пәндерін таңдаған 3 оқушы ЖОО-ның грант иегері атанды.  ҰБТ көрсеткішінің орташа балы 88% көрсетіп, аудан мектептерінің арасында 1-орынды еншіледі.  Мектеп түлектері  мемлекеттік грантқа түсіп, таңдаған жоғары оқу орындарының түлегі атанып отыр. Түлектерге сапалы білім мен тәрбие беруде сынып жетекшілері А.А.Көмекбаева, С.Н.Каметжанов және М.Байбатчаева, Г.Мешитхан, М.Имангалиева, М.Серікбаева, А.Едельбаева пән мұғалімдерінің сіңірген еңбектері орасан зор.

Түлектердің мектеп қабырғасында  алған білімдерін дәлелдеуі – ұстаздар мен ата – аналарының қолдауының жемісі. Ұстаздар қауымы, қашан да үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығар¬майық. Ел болашағы – білімді жас¬тардың қолында. Ал білімді ұрпақ, жеке тұлға қалыптастыру – біздің ең басты мақсатымыз болсын!

К.Г.ТАЖЕНОВА,
Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі Ескелді ауданы, Жетісу облысы