Құтырма – аса қаупті ауру

Құтырма ауруы Дүние жүзінде және Қазақстанда күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Құтырма ауруы 150 – ден аса елде тіркелуде. Жыл сайын Дүние жүзінде құтырма ауруынан 55000 адам кайтыс болады. Құтырмамен ауырған адамдардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 40% құрайды.

Құтырма (rabies, lyssa, hydrophobia) — орталық жүйке жүйені зақымдайтын, қатынас жолымен берілетін, ем қабылдамаған жағдайда әрқашан өліммен аяқталатын вирустық ауру.

Құтырманың жұқпа көздері:

— Түлкі;

— Кеміргіштер;

— Қасқыр;

— Ірі қара мал;

— Ит;

— Ұсақ мүйізді мал.

— Мысық;

Құтырма ауруының инкубациялық кезеңі 10 күннен 1 жылға дейін.

Аурудың 3 кезеңін ажыратады:

I — Бастапқы (депрессия);

II – Қозу;

III — Салдану.

Жарақат алған кезде міндетті түрде:

— Жараны дер кезінде кем дегенде 15 минут сабынды сумен жуу;

— Медициналық көмекке жүгініп, антирабикалық екпе алу.

— Антирабиялық вакцина мен иммуноглобулин ауруға қарсы жалғыз ем.

 Е.Сейсембинов, Ескелді аудандық СЭББ басшысы;

Д.Бектенов, жетекші маман