Мектепте қоғамдастықтың маңызы

Бүгінгі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы- білім болып табылады. Білім жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы айрықша.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі , бұл білім беруде нәтижеге бағыттылған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер , ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі- жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді.

Қоғамдастықтың маңызы мектеп өмірінде күннен күнге артып отыр. Себебі мектеп ішінде ынтымақтастық оқитын білім алушылардың ғана емес, барлық балалар мүддесі үшін білім беруші ұстаздардыңда бірігіп мәселерді шешуді, ізденуді, жаңашылдыққа ұмтылуды, білім алушылардың білім сапасын көтеру жолында жұмыла жұмыс жүргізуде қолдау қажет екендігі бүгінгі таңның айқын мәселесі болып отыр.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде оның ішінде білім саласында жан-жақты сыни ойлануды, ізденуді, әр мәселе бойынша тиімді жоспар құрылып оның іске асуы өте маңызды. Осы орайда мектебіміздің оқу- тәрбие жоспарына сәйкес  «Сенім» қоғамдастығы құрылып, кәзіргі таңда қоғамдастықтың мүшелері, жоспары, мақсат-міндеттері айқындалып, жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Қоғамдастықтың негізгі мәселесі білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында бірлескен шаралар жүргізу, білікті мамандардың әріптестермен тәжірибе алмасудың жаңа тетігін дамыту, оқытудың тиімді әрі инновациялық тәжірибені ұсыну, қоғамдыстық аясында жаңа идеяларға қол жеткізу мүмкіндігін барынша кеңейту болып табылады.

Бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл,зерттеуші ,тәжірибелі қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді.

Міне,осы өзгерісті сезінген біздің қоғамдастықтың әр мүшесі жаппай жаңартылған бағдарлама аясында өз пәніне тиесілі курстарын тәмәмдап,білім беру парадигмасын өзгертіп, жаңаша көзқарас қалыптастыруда. Осы орайда, мектеп әкімшілігімен бірлескен отырыста-жалпы мекеменің жылдық жоспарымен ұштастыра және «Сенім» желілік қоғамдастық жоспарына сүйене отырып,мектептің даму бағдарламасы дайындалды.

Қоғамдастықтың жұмыс үдерісі жоспарға сәйкес: сауалнамалар, сабақты зерттеулер, коучинг, семинар, тәлімгерлік, шебер сынып, ашық сабақтар топтамасы сынды іс-шаралар жүргізілуде.

Қоғамдастық мүшесіне  мектептің деңгейлік курстарынан өткен :  І деңгей-1 мұғалім,  ІІ-деңгей -1 мұғалім, ІІІ- деңгей —  5 мұғалім, үштілділік /9 айлық курс/ -1 мұғалім , мектеп тренерлері- 2 мұғалім және мектеп әдіскері мүшелік етеді.

Бастапқы кезеңде қоғамдастықтың жұмысы қызық көрінгенімен , іс-жүзінде жұмысты жүргізу оңайға түспейді, еңбек пен шығармашылықты талап етеді.

Мектебімізде қоғамдастықтың жұмысы әрдайым мектеп әкімшілігімен бірлесе жопарланып жүргізіледі. Ұзтаздардан сауалнама алынып, әріптестердің сабақ беру процесінде қандай қиыншылықтар мен ойланатын мәселелермен кездесетіндерін, оның шешу жолдары: орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарын жоспарлап құру, бағдарламалар , оқу мақсаттарын басшылыққа алып, сабақ мақсаттарын құру, АКТ тиімді қолдану, сабақ өту процесіндегі бағалауды жүргізу,  саралау тапсырмаларын ұйымдастыру, кері байланысты жүргізу процестерін жүзеге асыру жолында ықпалдық ету, демеушілік етіп, бірлесе шешу болып табылады.

Кәзіргі таңның негізгі мәселесі білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру, дарынды , үлгерімі төмен және ерекше білімді қажет ететін білім алушылармен жұмыс барысын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу мәселеріндеде бағыт бағдар бере отырып, қоғамдастық мүшелері коучингтар, семинарлар, ықшам сабақтар жүргізуде.

Уақыт өткен сайын қоғамдастықтың жұмысы маңыз алуда. Мектептепте білім беру жүйесінде өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін стратегияның бірі деп ойлаймын. Сабақтың өту қарқынына ерекше мән беріп, ынтымақтастықта жұмыстанып, заман талабына сай білім беру жолында әлі талай белестерді еңсеріп, еңбек етеміз деген сенімдемін.

Жадыра Рахимбекова,

Директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары «Алматы облысы білім
басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің«Жалғызағаш орта мектебі МДШО» КММ