Мемлекет басшысы Жолдауында Әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалардың нақты бағына тоқталды.
Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, салық және бюджет саясаты, жер қойнауын игеру, су тапшылығы, инвестиция тарту, ұлттық табысты әділ бөлу, жергілікті жолдарды жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту және тағы басқа да маңызды міндеттерді шешудің жолдарын көрсетті.
Жолдауда барлық азаматқа тең мүмкіндік беру арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау саласын, орта және шағын бизнесті дамыту, сот жүйесін жаңғырту сияқты көптеген бағыттар қамтылған.
Жолдауда көтерілген ең өзекті тақырыптың бірі – елдегі сайлау жүйесіне қатысты.
Мемлекет басшысы биыл Президент сайлауын, келесі жылы Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізуді ұсынды.
Сондай-ақ Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет екенің мәлімдеді. Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды. Бірақ қайта сайлануға тыйм салынады.
Осындай саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының мән маңызын кезен-кезеңімен арттыруға ықпал етеді.
Соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген мәселе әйелдердің зейнетке шығу жасына қатысты. Кенінен көтеріліп жүрген әлеуметтік сауалды ескере отырып, әйелдер үшін зейнетке шығу жасының межесі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітіледі, деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ елімізде ең төменгі жалақы деңгейі 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Яғни еліміздегі 1,8 млн адамның кірісі артады.
«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Ол жалақы мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді»
«Ұлттық қор-балалар үшін» бағдарламасы аясында ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлінеді. Балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Жолдауда шешімін тапқан тағы бір өзекті мәселе – жәрдемақы. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ата-аналар мен балаларға арналған үлкен қолдау бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1,5 жылға дейін ұзарты.
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізіледі.
Медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен.
Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр».
Келесі ауқымды мәселе – құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты.
Жолдауда адам өлтіру, қарақшылық жасау сияқты ауыр қылмыстар көбейгеніне тоқталып, жазаны қатайту қажеттігін атап өтті.
«Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты бірқатар мәселелер айтылды.
Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдады
«Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын»,— деді Президент.
Амнистия ауыр қылмыс жасағандарға қолданылмайды.
Мемлекет басшысы Бюджет кодексіне және Салық кодексіне өзгерістер еңгізілетінің айтты.
«Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет.
Бұл – стратегиялық міндет.
Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек
2025 жылға дейін жолдардың 95 пайызы жақсартылады.
Жер мәселесі бойынша
Комиссия жұмысы аясында қазірдің өзінде 2,9 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарлануда.
Пайдаланылмаған немесе заңға қайшы берілген жерлердің жалпы көлемі шамамен 10 миллион гектарды құрайды.
Үкімет пен әкімдер 2023 жылдың соңына дейін олар бойынша нақты шешімдер қабылдауы керек. Оның үстіне жер мәселесіне қатысты тексерулерге мораторий алынып тасталды.
Келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруі
«Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді».
Оқу үшін 2-3% жеңілдікпен кредиттер де берілетін болады.
Өз сөзінде қуатты ұлттың діңгегі халық екендігін айтқан Президент ел бірлігіне ерекше мән берді.
Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз. Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық!»,- деді Мемлекет басшысы.
Ендеше, Мемлекет басшымыз айтқандай, «Бірлігімізді бекемдеп, ел ұшін еңбек етейік ағайын!»
Қ. Сатанов, Мәслихат хатшысы