Сыңғырла, сылдыр қоңырау!

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе балалардың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі бастау алады.


Ескелді ауданы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында 1 қыркүйек күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Жетісу облысы білім басқармасының басшысы А.Адамбекова қатысты. «Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін.» -деп өз ыстық лебізін білдірді.
Мектеп тарапынан оқушырға, ата-аналарға және келген қонақтарға арналған музыкалық нөмірлер ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылармен жыл сайынғы білім күніне арналған сынып сағаттары жүргізілді. Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген ЖОО — ға мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата – аналар бір-бірімен қуаныштарын бөлісуде.

ЖШ Ақпарат