Мектепке жол акциясы/Акция дорога в школу

Ескелді ауданы білім бөлімі бойынша  2022 жылға жалпыға бірдей білім беру қорынан  47 760 000 теңге бөлінді.  Аудан  бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан  (жетім, АӘК алатын отбасылардан, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан)  балалар саны 1277 құрайды. Осы санаттағы балаларға баға ұсыныстары  тәсілімен порталда жалпы  сомасы 10 291 000 теңгеге мектеп рюкзактары мен кеңсе тауарлары сатып алынды.  1 қыркүйекке дейін тауарлар толық таратылады. Сондай-ақ, осы санаттағы балаларды қысқы киіммен қамтамасыз ету үшін 37 469 000 теңгеге қысқы күртешелер сатып алуға конкурс жарияланады.

2022 жылдың 01 тамызы мен 25 тамызы аралығында әлеуметтік осал топтағы 610 оқушыға  4 568 820 тенге көлемінде мектеп ұжымдарының, демеуші-кәсіпкерлердің, сауда үйлерінің басшыларының көмегімен киім -кешек, мектеп құралдары,  азық-түлік  алынып берілді.  Акция барысы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және бөлімнің басты назарына алынған.

М.Бектуров, Бөлім басшысы

***

По отделу образования Ескельдинского района на 2022 год из фонда всеобуча выделено 47 760 000 тенге. Количество детей из социально уязвимых слоев населения (детей сирот, детей из семей получающих АСП, из многодетных и малообеспеченных семей) по району составляет 1277. Способом ценовых предложений для данной категории детей на портале приобретены школьные рюкзаки и канцелярские товары на общую сумму 10 291 000 тенге.  До 1 сентября товары будут полностью распределены. Также объявлен конкурс на приобретение зимних курток на сумму 37 469 000 тенге для обеспечения данной категории детей зимней одеждой.

С 01 по 25 августа 2022 года 610 учащимся из социально-уязвимых слоев населения с помощью школьных коллективов, предпринимателей-спонсоров, руководителей торговых домов были приобретены одежды, школьные принадлежности, продовольственные товары в размере  4 568 820 тенге. Акция продлится до 30 сентября, находится на постоянном контроле отдела образования.

М.Бектуров, Руководитель отдела