Орталық коммуникациялар қызметінде жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды (видео)

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, алдағы жылыту маусымына дайындық биыл наурыз айында бастаып кеткен.

Брифингке сонымен бірге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Қазтеміртранс» АҚ, «Майкубен Вест» ЖШС, «KomirTau KZ» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қаражыра» АҚ өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда коммуналдық-тұрмыстық сектор мен ел тұрғындары үшін көмірдің негізгі өндірушілері Қарағанды облысындағы «Шұбаркөл көмір», «Қаражыра» (Абай облысы) және «Майкөбен-Вест» (Павлодар облысы) болып табылады. Осылайша, жыл басынан тұрғындар мен бюджеттік ұйымдар үшін 4,5 млн тонна жүк көмір тиелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға жоғары.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 2022-2023 жылдарға арналған көмірге қажеттілік жоспары жасалған. Сондай-ақ бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірді алдын ала дайындау шараларын қарастыратын арнайы Жол картасы әзірленген. Аталған жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 2,6 млн тонна, халыққа ­– 7 млн тонна.

«Біз көмір разрездерімен және «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, жеткізу көлемі мен уақыт аралықтарын реттеу арқылы көмірмен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап жатырмыз», ­–деді Ілияс Оспанов.

Министрлік өкілі тапшылықты болдырмау үшін көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасау қажеттігіне назар аударып, жергілікті атқарушы органдарға көмір дайындау бойынша жұмыстарды уақытылы аяқтау ұсынылды.

Айта кетерлігі, теміржол көлігі паркін тиімді пайдалану мақсатында ҚР ИИДМ басшысы ҚТЖ-ға тиісті тапсырмалар берген болатын. Осылайша, коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықтың қажеттіліктеріне көмір тасымалдауға арналған вагондарды басым негізде қамтамасыз ету ұсынылды.