Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі ақпарат

Ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру және отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 24 көтерме — тарату орталықтарының (КТО) инфрақұрылымы түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) құру жөніндегі жобаны іске асыру жоспарланды.Ағымдағы жылдың ақпан айында базалық мөлшерлеме мен қарыз алу құнының өзгеруіне байланысты жобаның қымбаттауы орын алды, бұл Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарты шеңберінде мемлекеттің міндеттемелерін іске асыру тәсілдері мен деңгейін қайта қарау қажеттігіне алып келді, деп хабарлайды ҚР СИМ.

Осыған байланысты осы модельді оңтайландыру мәселесін зерттеу барысында мыналар ұсынылды:

— салынатын КТО санын азайту;

— КТО Сақтау құрылысынан бас тарту;

— жұмыс істеп тұрған жеке көтерме базарларды, көкөніс қоймаларын, азық-түлік өндірушілерді және ӘКК-ны біріктіру үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру.

Бұл ретте Министрлік ақпараттық жүйені енгізу, оған қолданыстағы жекеменшік КТО (9), ӘКК (20) және көкөніс қоймаларын (1171) қосу арқылы ҰТЖ желісін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы модельді іске асыру нәтижесінде ауыстырып тиеу көлемін жылына 2,2 млн.тоннадан 28,8 млн. тоннаға дейін және сақтау сыйымдылығын жылына 160 мың тоннадан 1 753 мың тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ өңірлер арасындағы өнімнің ішкі ағындары мәселелерін жедел шешу, бір облыстардағы артық тауарды және басқа облыстардағы тапшылықты жоюды қамтамасыз етеді деп күтіледі.