Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау.
Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі.
Аурулар:
-Мінез-құлықтық тәуекел факторлары (30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер)
— Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті (40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер)
— Глаукома (40 жастан бастап 70 жастағы ерлер мен әйелдер)
— Жатыр мойны обыры (30-дан 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы әйелдер)
— Сүт безі обырын қатерлі ісігі (40-тан 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы әйелдер)
— Колоректалды обыр (50-ден 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы ерлер мен әйелдер)
— В және С вирустық гепатиттері (медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер және тб)
Ал, ауыл тұрғындары үшін қосымша келесі аурулар бойынша скрининг жүргізіледі:
— Мінез-құлықтық қауіп факторлары (18 — 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер)
— Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукома (18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер)
— Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек аурулары (18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер)
— Тыныс алу ағзаларының туберкулезі (50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер)
— Қуықасты безі обыры (55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен жастағы ерлер) Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек.