10-қосымша/Приложение 10

Автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына
10-қосымша

Нысан

Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауыларалық тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

1. «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі 2022 жылғы «12» қыркүйегінде Қарабұлақ ауылы Оразбекова № 67 мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауыларалық тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.

2. Байқауға келесі лот қойылады

(маршруттар):

№ 1 Маршрут, Қарабұлақ ауылының ішінде, шағын автобустар саны 10 дана, резервті есепке алғанда 11 дана.

3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Қарабұлақ ауылы Оразбекова № 67 мекенжайы бойынша ұсынуы тиiс.

5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2022 жылғы «7» қыркүйек.

6. 2022 жылғы «8» қыркүйек конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.

7. Анықтама алу үшiн телефондар: 8 (72836) 3-00-13.

Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн тиiстi лот бойынша Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдi (бұдан әрі – өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берiлген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкiсiн;

2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;

3) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;

4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы диагностикалық карталардың көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;

5) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);

6) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;

7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажетті жұмыстар кешенін өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттардың көшірмелерін, оның ішінде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан өнеркәсіптік-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;

8) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пункттері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пункттері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;

9) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;

10) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрiмен (бар болса) расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.

Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда бiркелкi, түзетулерсiз және өшiрулерсiз ресiмделедi.

Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының қолымен, мөрімен (бар болса) бекітіледі.

***

Приложение 10
к Правилам перевозок пассажиров
и багажа автомобильным транспортом

      Форма

      Объявление о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутри песолковых автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Ескельдинского района» объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов внутри поселковых автомобильных перевозок пассажиров и багажа, который состоится 12 сентября 2022 года по адресу: с. Карабулак ул. Оразбекова 67.

2. На конкурс выставляются следующий лот

(маршруты): Маршрут № 1, внутри с. Карабулак, количество  микроавтобусов 10 штук, с учетом резерва 11 штук.

3. В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица, независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях.

4. Желающие принять участие в конкурсе представляют в ГУ «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, автомобильных дорог и жилищной инспекции Ескельдинского района» района письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: с. Карабулак ул. Оразбекова 67.

5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов и приема заявок на участие в Конкурсе: «7» сентябрь 2022 года.

      6. «8» сентября 2022 года конкурсная Комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса.

      7. За справками обращаться по телефонам: 8(728363-00-13).

Для регистрации в качестве участника Конкурса необходимо представить в Комиссию заявку на участие в Конкурсе по соответствующему лоту (далее — заявка), с приложением следующих документов, вложенных в прилагаемый к конкурсной документации конверт:

 1) заполненный бланк информации об участнике;

 2) копию свидетельства или справку о государственной регистрации юридического лица или предпринимателя, осуществляющего свою деятельность без образования юридического лица;

 3) копии страховых полисов или договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автотранспортных средств и договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами;

 4) копии технических паспортов и диагностической карты о прохождении обязательного технического осмотра действительных на текущий период на каждую единицу подвижного состава. При этом подвижной состав, задействованный на других маршрутах регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа в качестве основного, допускается представлять как резервный, а резервный основным. Не допускается представление подвижного состава в качестве основного, который задействован на других регулярных автомобильных маршрутах перевозок пассажиров и багажа как основной подвижной состав;

 5) сведения о водительском составе (с приложением копий трудовых договоров и водительских удостоверений по каждому водителю);

 6) сведений о наличии диспетчерского сопровождения и телефонной или другой связи на протяжении всего маршрута, а также о наличии возможности замены автобусов в случае прекращения их движения на маршруте по техническим причинам (по междугородным межобластным маршрутам);

 7) копии документов, подтверждающих возможность проведения необходимого комплекса работ по поддержанию подвижного состава в технически исправном состоянии в соответствии с требованиями, установленными Правилами технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденных приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12221), в том числе правоустанавливающие и правоудостоверяющие документы на производственно-техническую базу, расположенную на территории организатора конкурса, копии договора с медицинским работником на осуществление профилактического медицинского освидетельствования с приложением копии диплома о высшем или среднем медицинском образовании;

 8) предлагаемые тарифы на перевозку пассажиров и багажа по остановочным пунктам маршрута, в том числе и между второстепенными остановочными пунктами на маршруте (кроме городских и пригородных маршрутов);

 9) график режима труда и отдыха водителей на протяжении всего регулярного маршрута с указанием времени и места смены водителей автобусов (по междугородным межобластным маршрутам);

 10) заполненные и заверенные подписью и печатью (при наличии) участника конкурсные предложения в количестве, равном количеству форм, вложенных в комплект конкурсной документации.