Пандемия басталғаннан бері және 2022 жылдың 9 тамызындағы жағдайы бойынша Жетісу облысында КВИ-дің 37971 зертханалық расталған жағдайы тіркелді.
Соңғы екі аптамен салыстырғанда облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,3% деңгейінде тұр. Соңғы аптада облыста 705 жағдай, соңғы тәулікте COVID-19-дың 40 жағдайы тіркеліп отыр.
Облыс өңірлері бөлінісінде сырқаттанушылық: Талдықорған қаласында – 27, Текелі қаласында –2, Ескелді ауданында – 1, Алакөл – 3, Панфилов ауданында – 7 жағдай тіркелді.