Раисова Арайлым – тамаша ана, қатал басшы

Раисова Арайлым Рамазановна, Алматы облысы, Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы «Диас» дүкенінің басшысы, «Диас» бөбек –жай балалар бақшасының құрылтайшысы.

2000 жылы өз ісін «Диас» дүкенінен бастады. Диас дүкені қазіргі таңда «Диас» шағын мини маркеті болып өз ісін жалғастыруда. Дүкенде 10  адамды жұмыспен қамтып отыр.  Арайлым Рамазановна округтегі мерекелік,  қайырымдылық іс-шараларға белсене қолдау көрсетіп, демеушілік жасап отырады. 2018 жылы Бақтыбай ауылында «Ақан ата» ЖШС «Диас» бөбек-жай балалар бақшасын өз қаражатына ашты. Қазіргі таңда округіміздегі  30 адамды жұмыспен қамтып,  115 бала тәрбиесімен айналысып  отыр. Аудан әкімінің марапаттарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды. Қазіргі таңда Ескелді ауданы бойынша іскер әйелдер қауымының басшысы.  Тұрмыс құрған ,жолдасы екеуі үш ұлды тәрбиелеп өсірген, жұмыста қатал да тәртіпті талап ететін басшы, іскер Әйел  болса, үйде   — шаңырағының түтінін түзу шығаратын қамқор  Ана, аяулы Жар.

А.Сыбанбаева, Бақтыбай ауылдық округінің бас маманы