Жаса көңіл, шаттық жырмен, жаса бір

Ескелді аудандық  кітапханасында  ақын   сазгер Жұман Тұрдиевтің  90  жылдығына  арналған  «Жаса  көңіл, шаттық  жырмен, жаса бір»  атты  ақынмен кездесу  кеші өтті.

Бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтары:

1.Әуесқой композитор, сазгер Жұман Тұрысбекұлы Тұрдиев

2.Ардагерлер кеңесінің төрағасы Боранбаев Бимұрат Көпбайұлы

3.Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Оразалинов Асхат Сағидоллаұлы

4.Аудандық Мәдениет үйінің директоры Оспанов Қанат Тәңірбергенұлы

Аудандық кітапхана және Мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесіп «Жаса  көңіл, шаттық  жырмен, жаса бір»  атты  шығармашылық  кешіміз

Жұман  Тұрысбекұлы  Сіздің  құрметіңізге арналады. 

Бұл ән бүгінгі кеш иесі  Жұман Тұрдиевтің  сөзіне  жазылған «Әйелдер асыл жандар» атты әнді  аудандық  мәдениет  үйінің  әншісі  Айтжанов Мағжанның  орындауында.

Тұрдиев  Жұман Тұрысбекұлы 1932  жылы 10 мамырда  Қытайда, Шәуешек қаласында  діни  жанұяда  дүниеге  келген. Орта  мектепті  ұйғыр  тілінде  бітіріп , сол білім алған ұясында   дене  шынықтыру  мұғалімі болып қызмет  атқарды.

1955-60 жылдар  Үрімші  почта-телеграф  техникумын бітіріп, Шәуешек аймақтық дене шынықтыру мекемесінде істеген.

1962  жылы  ата жұртқа  оралады. Ата- жұртқа келгеннен кейін Ақсу Каз.сельхозтехникада  жұмыс  істеді.

Бақтыбай  ауылына  қоныс аударып  мектепте  әннен  сабақ  береді және мәдениет  үйінде  автоклуб  қызметін атқарды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Бақтыбай  ауылдық  Ардагерлер-Ақсақалдар  төрағасы  болып  жұмыс   атқарды.

Ән  жазумен жас  кезінен  айналысқан. Кейінгі  кездері  әндеріне  сөзді де  өзі  жазып жүр.

Ақын  ағамыз  ауыл  шаруашылық  маманы  бола  тұра  өмірінің көбін  мәдениет  саласында  өткізді. 2000-жылы  «Асқақташы әнім» — атты  ән жинағы жарық  көріп, ән сүйер  қауымды  қуантты.

Сондай-ақ «Ән  тербетер  жүректі, Менің  әнім, Жыр  қанаты  ән »- атты ән-жыр  кітаптары  жарық  көрді.

Сонымен  қатар  облыс  көлемінде  өтіп  жүрген  ән  байқауларында, ақындар  мүшайрасында  да  жүлделі  орындарға  ие  болып, өз  шығармашылығын  жалғастырып, газет  журналдар  бетінде  жарияланып  жүр, өлең  кітаптары бүгінде  оқырман  назарында.

Ақын-сазгер, әуесқой композитор  Жұман Тұрысбекұлы  тек қана  біздің  Қарабұлақ  ауылы  Ескелді ауданы  ғана емес үлкен қалалар  мен облыс  орталығы  Талдықорған  қаласы І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  Университетінде, мектептерде  жүздесу кештері өтті. Өзінің  шырайы мен сүйкімдісіне айналған ақын, өлең  жырларымен де көрермен қауымды баурап алады.

    Ақынға  сұрақ.

1.Жұман ағамыздың  өлеңнің  бәрі  бірдей  мұхитқа  жол ашып тұрғандай  түпсіз  терең  келеді. Бір ойды бір сезім билеп содан өлең туады.

2.Ендігі  сіздің алға қойған шығармашылық  жолыңызда  нені жоспарлап отырсыз?

Жұман аға  халық  сіздің қаламыңыздан  төгілген  жыр жолдарыңызды өз ауызыңыздан   естігісі   келіп   отыр.

Ендеше өлеңдеріңізді  шашу етіп  айтып  берсеңіз.

Сіздің өнер қоржыныңызда жаңадан жазған туындыларыңызды әкелген екенсіз. Сол кітаптарыңыздың тұсауын кесуге рұқсат етіңіз.

Ал Жұман Тұрысбекұлы біздің рухани ордамыз кітапханамызға қандай жаңа кітаптарыңызды ұсынасыз? Тұсау кесу рәсімі жасалды.

Ақын, сазгер Ж.Тұрысбекұлының рухани мұрасы мол өлең жырларын  тыңдадық,  енді  шығармашылық  жолындағы  көрмесіне  саяхат  жасайық.

 Аудандық    кітапхана   кітапханашысы  Бесбаева Динара  кітап  көрмесімен  таныстырды.

Ақынын құрметтеген ел озады, ақынын сыйламаған ел тозады деген екен, ақындарымызға қалай құрмет көрсетсек те артықшылық етпейді. Бізді сусындатар сарқылмас мәңгі жырларыңыз таусылмасын. Жыр әлеміндегі туындыларыңыз ешқашан сарқылмасын. Сүйіп тыңдар оқырмандарыңыз көп болсын.

Ескелді аудандық кітапханасы