«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық партия филиалында жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық партия филиалында жаңа үлгідегі партиялық билеттер табысталды.

Салтанатты рәсімді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жайық Тазабекұлы жүргізді. Партия-бұл ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы екенін атап өтіп, бір қатар азаматтарға жаңа партия билеттерін табыстады. Сондай-ақ, алдағы уақытта партиялық жобаларды сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосады деген сенім білдірді. Сонымен қатар, партиялық билеттер «Алдеберген», «Жетысу», «Жастар»,  «Жалгызагаш»  бастауыш партия ұйымдарында табысталды.Алдағы уақытта бұл іс-шара қалған бастауыш партия ұйымдарында да жалғасын табатын болады. Жалпы аудан көлемінде 3000-нан астам партия мүшесі бар. 

Назерке Қожагелдинова,  
«AMANAT»  партиясы Ескелді аудандық партия филиалының консультанты