Қазақстандықтар зейнетке шығу мәселесіне белсенді түрде қызығушылық танытып жатыр/Казахстанцы активно интересуются вопросом выхода на пенсию

Зейнетке шығу мәселесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына келіп түсетін ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтардың бірі екенін білдіреміз.

2022 жылдың басынан бастап байланыс орталығының операторлары зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша 414 923 сұраққа жауап берді, бұл барлық өтініштердің 80 пайызы болады. Тізімде Алматы көш бастап тұр – 59 179 (14,2%), одан кейін Нұр – Сұлтан – 48 440 (11,6%), Шымкент – 29 466 (7,1%), Түркістан облысы – 38 322 (9,2%) және Алматы облысы –32 320 (7,7%).

Бұл мәселелер СҚО – 3 903 (0,9%), Қостанай – 7 393 (1,7%) және Ақмола – 9 394 (2,2%) облыстарында аз қызығушылық тудырған. Байланыс орталығы мына бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.

Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдайды.

Клиенттер үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Тelegram-арнада, сондай-ақ Instagram, Faceboоk желісінде, Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялайтын боламыз.

***

Вопрос выхода на пенсию является одним из самых актуальных и часто задаваемых запросов, поступающих в контакт-центр по вопросам социально-трудовой сферы Госкорпорации «Правительство для граждан».

С начала 2022 года операторами контакт-центра предоставлено 414 923 консультации по вопросам пенсионного и социального обеспечения, что составило 80% всех обращений.

Лидирует г. Алматы – 59 179 (14,2%), далее следуют Нур-Султан – 48 440 (11,6%), Шымкент – 29 466 (7,1%), Туркестанская – 38 322 (9,2%) и Алматинская – 32 320 (7,7%) области.

Меньше всего данными вопросами интересуются в Северо-Казахстанской – 3 903 (0,9%), Костанайской – 7 393 (1,7%) и Акмолинской 9 394 (2,2%) областях.

Контакт-центр предоставляет консультации по следующим направлениям: пенсионное, социальное обеспечение и социальное страхование, трудовые отношения и занятость населения, ежемесячное пособие многодетным семьям, адресная социальная помощь, досрочное изъятие пенсионных накоплений из ЕНПФ и другие вопросы.

Ежедневно 60 операторов контакт-центра принимают и обрабатывают от 3 до 5 тыс. обращений клиентов.

Для обеспечения доступности информации для населения на официальном telegram-канале, а также других социальных сетях Instagram, Faceboоk, официальном сайте Госкорпорации мы начинаем публиковать ответы на часто задаваемые вопросы, касающиеся пенсионного и социального обеспечения.