Лагерь жазы көңілді!

Міне, асыға күткен жаз мезгілі де келіп жетті! Жазғы демалысты әр-бір оқушы қызықты әрі көңілді өткізуге тырысады. Сол себепті 11.07.2022 жылы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің қабырғасында «Күншуақ» жазғы лагері ашылды. Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалану және де денсаулығын нығайту, бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, бауырмашылдыққа, достыққа, бір-біріне деген қамқорлыққа, табиғатты жақсы көріп аялауға тәрбиелеу және  жазғы ойындар, жазғы табиғат, жазғы еңбекке баулу.

Лагерьге жүзден астам балалар келді. Онда балалар отрядтарға бөлініп,  отряд аттарын, өз ұрандарын  ойлап тапты.

«Күншуақ» жазғы лагерінде келесідей бастауыш сынып мұғалімдері: Бедегулова Я.О., Сейдахметова Ж.Б., Баймухамбетова А.А., Айымбекова Ж.Г., Женисова Н.Ж., Байсеитова Б.Н., Хлыновская М.Н., Вьюгина Д.Л., Фоменко Н.В., тәрбиеші болды.

Жазғы мектеп лагерінің әр күні сапқа тұрудан, таңертеңгілік жаттығулармен және таза ауада ойнаудан басталады. Өйткені, «Денсаулық — бұл аурудың немесе кемшіліктің болмауы ғана емес, толық физикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы».

Балаларға мерекелік көңіл –күй сыйлай отырып, тапқырлық, ұшқыр қиял арқылы әзіл әлемінде қалықтауға бейімдеу, бір-бірімен еркін араласуға, достық қарым-қатынастарын жетілдіру үшін — «Көңілді — жаз!» суреттер байқауы, «Сүйікті мультфильмдеріңіздің парақтары ізімен» викторинасы, «Тәттіні сүйетіндер күні», «Нептун» мерекесі және «Көңілді әзіл!» — викторинасы секілді шаралар жүргізіліп отырды. Түрлі-түрлі ойындар ойнатылды, караокемен ән айтты, асфальтта сурет салды, қасықпен су тасу, судың астынаң маржан тастарды іздеу, құтқару щеңберін үрлеу, балық аулау секілді ойындарын ойнады. Ал әр байқаудың соңында дәмді балмұздақпен және сыйлықтармен марапатталып отырды.

«Күншуақ»  жазғы лагерінен оқушылар 8 күн бойы қызыққа толы әрі ұмытылмас  әсер алды деп сенеміз!

Ж.Г.Айымбекова, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі