Мемлекеттік қызметшінің
әдебі — қоғам айнасы

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.
Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінезқұлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. Бұл туралы Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында «өте жоғары этика мен кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылады» деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан, бүгінгі күні мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Кәсібилік пен әдептілік қосылып, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығына және әділдігіне қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуға мүмкіндік береді.
Әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерін, басқа халықтардың рухани қазыналарын бойымызға сіңіру қанша маңызды болса да біздің әрқайсымыз өзіміздің терең тамырымыз – туған жеріміз екенін есте ұстап, қай елдің азаматтары екенімізге есеп беруіміз қажет. Бұл орайда, мемлекеттік қызметшіге үлкен міндеттер жүктеледі. Оны абыроймен атқару аса өзекті мәселе. Мемлекет тірегі – халық. Рухани жаңғыру мен қоғамдық келісімді, елдің бірлігін қамтамасыз етуші – мемлекеттік қызметші.

Д.ОРАЗБЕКОВ,
Ескелді ауданы әкімі аппаратының м.а.