Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 84 баптарына,  «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 тарауына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13,15 баптарына сәйкес,  Ескелді ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ескелді ауданының Алдабергенов ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жайылым алқаптарымен халық мұқтажын қанағаттандыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес Ескелді ауданында (Алдабергенов ауылдық округі,) орналасқан жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлік мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару басталсын.

2.   Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсаны болып белгіленсін.

3. Меншік иелері және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар жүгінетін орын Қарабұлақ ауылы, Сатпаева көшесі № 65 «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

4. «Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын;

2) заңмен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне және мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға ескертсін және тең бағалы жер учаскелерін беруді немесе өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

3) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып коюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін босаалқы жерлер құрамына өткізілсін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

5.Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты туындайтын шығындар аудан бюджетінде қосымша қарастырылсын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау өзіме  жүктелсін.

 Аудан әкімінің м.а.                             Б.Тулакбаев                                    

Ескелді ауданы әкімігінің №____2022 жылғы

 «_____» __________ қаулысының №    қосымшасы

«Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы
мен жер қытынастары бөлімі» ММ бөлім басшысы А.Исабеков