Сенімхаттардың жекелеген түрлерін онлайн режимде ресімдеңіз

Әділет министрлігі Цифрлық даму, инноваицялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп, «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосты.

Жоба нотариалдық сенімхаттарды онлайн куәландыруды көздейді.

Бірінші кезеңде БҚО, СҚО және Павлодар облысының нотариустары қатысады.

Аталған жоба азаматтардың электрондық форматта:

— Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында және басқа да құзыретті органдарында, мекемелерінде, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарында мүдделерін білдіруге;

— мұрагерлік істі жүргізуге;

— Қазақстан Республикасының соттарында істерді жүргізуге арналған сенімхаттарды ресімдеуге мүмкіндік береді.

Қызметті алу үшін enis.kz сайтының «Цифрлық нотариаттық іс-әрекеттер» сервисіне өту қажет.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі