Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегісайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзекті түйткілдеріалдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, ендібірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылымнемесе ауылды дамыту мәселесі көтеріледі. Жергілікті жердегі кездесулер партия бағдарламасының ел тұрғындарының нақты сұранысына қаншалықты сәйкес келетінін бағалаудың маңызды алаңына айналды. Төменде 6 тамыз күні Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қайөңірлерге барып, қандай аудиториямен кездескеніне шолуұсынамыз. «Әділет» партиясы өңірлердегі жұмысын «ӘділеттіҚазақстан үшін» мобильді керуені аясында жалғастырды. Қостанай облысында керуеннің бағыты Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарынқамтыды. 700-ден астам ауыл тұрғынымен өткен кездесудежолдардың жағдайы, ауызсумен қамтамасыз ету, байланыссапасы және жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Келесі бағыт Жамбыл облысы болды. Мұнда ауылшаруашылығы саласындағы мәселелер күнтәртібінде тұрды. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған керуенЖуалы ауданындағы шаруа қожалығы мен сүт өңдеукооперативіне барып, Нұрлыкент ауылыныңтұрғындарымен жеке кездесу өткізді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия күндіөткен теледебаттарды талдауға арнады. Партияныңреспубликалық сайлауалды штабында «Жетінші арна» эфирінде партия атынан пікірсайысқа қатысқан Құрылтайдепутаттығына кандидат Мақсұт Насибуловтың сөзіталқыланды. Сайлауалды күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірітөрт күндік жұмыс аптасына көшу мәселесі болды. Бұл бастама қоғамда кең пікірталас туғызды. ЖСДП төрағасыАсхат Рахымжанов Respublica партиясы өкілдерінің сын-пікіріне жауап беріп, төрт күндік жұмыс аптасы енгізілгеннемесе енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан елдердіңтәжірибесі ескеріліп отырғанын айтты. «Байтақ» партиясы бірден бірнеше өңірде кездесу өткізді. Петропавлда еріктілер мен кандидат […]