ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

6 декабря, 2023 Жетісу Шұғыласы 0

Бәрімізге белгілі, МӘМС есебінен «Сақтандырылған» мәртебесі бар әр азамат жергілікті емханадағы дәрігер қабылдауынан бастап, құны миллионнан асатын жоғары технологиялық мамандандырылған көмекке дейін тегін көрсетіледі. Бұрын […]

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялады және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізуге шақырды.Мүгедектігі бар адамдар қоғамдық өмірдің негізгі салаларына кіру үшін көптеген кедергілерге тап болады.Мүгедектігі бар адамдардың күнделікті істерде кездесетін қиындықтары туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін Халықаралық мүгедектер күні бекітілді.Осы орайда, «AMANAT» партиясыЕскелді аудандық партия филиалының депутаттары «Демеу» МҚБ тәрбиеленушілеріне «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында әлеуметтік көмек көрсетті. «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды назардан тыс қалдырған емес. Бүгін де аудандық мәслихат депутаттарымен біріге отырып демеушілік жасап, «Демеу» МҚБ тәрбиеленушілеріне азық-түлік себеттерін табыстады. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға бағытталған депутаттардың оңды ісін «Демеу» МҚБ директоры Ұзақбаев Ахат ағамыз демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдірді.

5 декабря, 2023 Жетісу Шұғыласы 0

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. «Ауыл аманаты» Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Осы орайда Бақтыбай ауылының С.Сейфуллин ота мектебінің ғимаратының мәжіліс залында Республика бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашу бойынша шаруалар мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Жиынды аудандық мәслихат депутаттары Тортаева Үміт Бахтыбекқызы және Дюсенбиноа Айдын Қасымұлы ашып, жүргізіп отырды. Аталған шараға Бақтыбай ауылдық округінің әкімшілік қызметкерлері арнайы қатысып, ауыл халқының табысын арттыру үшін мемлекеттік жеңілдетілген несиелердің алу жолдарын жан-жақты түсіндіріп өтті. Яғни, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Мал шаруашылығына берілетін несиеге қызығушылық танытқандар көп болды. Негізі ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан болашақ кәсіптерін дәл осы саламен байланыстырғысы келетіндер көп. Аудандағы барлық ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту мақсатында, жобаның негізгі мақсаты мен несие шарттары туралы ауыл тұрғындарына түсіндірілді.

5 декабря, 2023 Жетісу Шұғыласы 0

Елімізде тауар биржаларына қатысты мемлекеттік бақылау күшейтіледі

1 декабря, 2023 Жетісу Шұғыласы 0

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген биржалық сауда мәселелері туралы заң жобасы ашық нарықтық баға белгілеуді қалыптастыруды және ақша ағындарын бақылауды күшейтуді көздейді. Бұл туралы […]